0 дауыс
36.2k көрілді
7 сыныптың биологиядан зертханалық жұмыстыр бар афторы Ж.Құрманғалиева 1 шсі калай

2 жауап

0 дауыс

Зертханалық жұмыс №1


Тақырыбы:Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынғансу тамшысындағы қарапайым организмдерді қарау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: 1 литрлік немесе жарты литрлік шыны банка (аузы кең болса, құмыраны да алуға болады), кішіректеу 2-3 пияз (пияздың қабығы тым жылтыр, таза болмаса, кебісше көп пайда болады), кран суы (аса суық болмау керек, қайнаған суды алуға болмайды), арық, құдық суын да құюға болады, дәке.


Жұмыс барысы.

Кірпікшелі кебісшені өсіру тәсілі.2-3 пиязшықты (кәдімгі пияз) жумай бітеудей ішіне су құйылған шыны ыдысқа (банкаға суға батып тұратындай етіп) салады. Су пияздан 2-3 елі асып тұруы тиіс. Ыдыстың аузын дәкемен байлап, жылы, жарық жерге қояды. 15 күн өткенде ыдыстағы су лайланып, бетінде ақ жарғақ перде (пленка) пайда болады. Кірпікшелі кебісше бактериялармен қоректенеді. Сонымен ақ перденің пайда болуы, судың лайлануы, өте жағымсыз иістің шығуы кебісшенің пайда болғанын білдіреді. Лайланған судан 1-2 тамшысын заттық шыныға тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоптан қарауға болады.11130004



1.Иістенген тоқтау судан алынған тамшыда кебісшенің бар-жоғын микроскоппен анықтап, микропрепарат дайындаңдар. Ол үшін заттық шыныға кебісшесі бар судан бір тамшы тамызып, су тамшысын мақта талшығын салыңдар да, жабын шынымен жабыңдар.

2. Микропрепаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып, кірпікшелі кебісшені табыңдар. Оның дене пішінін, денесінің алдыңғы доғал жағын және артқы сүйір жағын анықтап қараңдар.

3. Кірпікшенің мүше бөлігін, яғни қосындыларын- органеллаларын көру үшін арнаулы препарат дайындаңдар. Ол үшін қаламға арналған сияны 5-8 есе сұйылтып, кебісшелі тамшыға тамызыңдар. Сияның түйірлері жиырылғыш вакуольге толады да, оны көгілдір түске бояйды. Сөйтіп вакуоль анық көрінетін болады. Кебісше тіршілігін жойған кезде үлкен ядро да сияға боялады. Мұндай препараттан кебісше кірпікшелілерінің қимылы да анық байқалады.

4. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенуіне де тәжірибе жасауға болады. Ол үшін заттық шыныға бір тамшы кебісшелі және бір тамшы таза су тамызып (тамшылрадың арасы біраз алшақтау болғаны жөн), кірпікшелілері бар тамшыға бір түйір тұз салу керек. Бұдан соң екі тамшының арасын жіңішке етіп қосып, жабын шынымен жабыңдар. Осы препаратты микроскоп арқылы қарасаңдар, кірпікшелілердің таза су тамшысына қарай өткенін байқайсыңдар. Бұл кірпікшелілердің химиялық заттың әсеріне қалай жауап беретініне мысал болады.

Егер мектепте микроскоп өте аз болса, сабақтан тыс уақытты пайдалануға болады. Мұндайда зертханалық жұмысты әрі оқушы жеке істей алады.

5. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенгіштігіне қорытынды жасап, дене бөліктерінің тұсына атауларын жазыңдар. Ол үшін дәптерге кебісшенің суретін салыңдар.


Қорытынды.


https://infourok.ru/

0 дауыс
2.бірі

3.үш фактор бар абиотикалық

Биотикалық антропогендік факторлар
4.мысалы:гүлге су қоймай күтім жасамай деген сиақты

5.бақшаны суарам
...