+2 дауыс
26.6k көрілді
7 сынып биология пәнінен №5 зертханалық жұмысты істей аласыздар ма?

10 жауап

0 дауыс
Шубалшаннын тыныс алу жолы кандай?
0 дауыс
Териси аркылы тыныс алады
0 дауыс
Терысы тыныс алама не?!
Арине, олар курттар гой
0 дауыс
Бақаның денесі қандай бөліктерден тұрады? Мойны бар ма? Тері жабыны барма?
мойны бар бірақ өте қысқа
Бас тұлға аяқ құйрық.
0 дауыс
Бақаның мойны жоқ.Жалпақ басы тұлғаға бірдан жалғасады.
+1 дауыс
Тақырыбы: Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы,ішкі құрылысын зерттеу.

Мақсаты: Бақаның құрылысының  суға және құрлыққа бейімделуін, мүшелер мен мүшелер жүйесінің  орналасуын ылғалды препараттан анықтау. Бақаның қаңқасын зерттеу. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: баканың суреті, ылғалды препараты, табиғи қаңқасы, 

сыртқы құрылысы мен қаңқасының сызбанұсқасы, балықтың сыртқы құрылысы мен  қаңқасының сызбанұсқасы, ылғалды препараты.

Орындалатын тапсырмалар:

1. Бақаның суретінен, ылғалды препаратынан дене пішінін, бөлімдерін, балықпен салыстыра отырып талдау, айырмашылығын анықтау.

2. Бақаның дене бөлімдеріне, аяқтарының ерекшеліктеріне көңіл аудару.

3. Сызбанұсқадағы суретімен салыстыру.

3. Бас бөліміндегі екі көзіне, жұп танау тесігіне, орналасу ерекшелігіне, ортаңғы кұлақ қуысын жауып тұрған дабыл жарғағына, көздің айналасындағы қозғалмалы қабақтарына көңіл бөлу.

4. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктеріне (бөлімдері  арқылы байланысына, артқы аяғының саусақтарының арасындағы терілі жүзу жарғағына) ерекше назар аудару.

5. Бақаның қаңқа бөлімдерін (бас сүйегін, омыртқа жотасын, белдеулері мен аяқтарын) балықтың қаңқасымен салыстыру.      

6. Бақаның омыртқа жотасынан - мойын, тұлға, сегізкөз және кұйрық бөлімдерінің ерекшеліктерін балықтың қаңқасымен салыстыру, айырмашылығын анықтау.

7. Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасынын, кұрлықта тіршілік ету ерекшеліктерін табу және есте сақтау.

Қорытынды: Бақаның құрылысының  суға және құрлыққа бейімделуін, мүшелер мен мүшелер жүйесінің  орналасуын ылғалды препараттан анықтап, қарадық.


Берілетін негізгі ұғымдар мен түсініктер: Қосмекенділер-алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төрт аяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен қосмекенділер деп аталған.. Терісі жұқа.тегіс, безді болып келген. Судағы дернәсілі желбезекпен құрлықтағы ересегі өкпемен және терісімен  тыныс алады, сондықтан терісі бездерден бөлінген сұйықтықпен ылғалданып тұрады. Сезім мүшлерінен екі көзі, танау тесігі, дабыл жарғағы айқын көрініп, өздеріне тән қызметтер атқарады. Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары бар. Ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуыс пайда болған. Ортаңғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі бар. Ол дабыл жарғағымен жабылған. Дәм сезу, тері арқылы сезуі нашар жетілген. Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімді. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасынан құралған.  Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойынмен сегізкөз бөлімдері бір ғана омыртқадан құралған. Құрлыққа шығуына байланысты, аяқ сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяғы иық белдеумен артқы аяқтары жамбас белдеумен байланысқан. Аяқтарындағы бұлшықеттері жақсы жетілген. Алдыңғы аяғының қысқа артқы аяғының ұзын болуы құрлыққа шығып, секіріп жүруге бейімділігі. Суда жүзетін түрлерінде саусақтарының арасында жарғақтар пайда болған.

Сыздер бау бакшага зиянкестерды жинактамасын зертеу
0 дауыс
Коккасканын дамудын кандай сатысыны зиян келтыреды ауруга шалдыккан осымдыктер Жане олардын мушелеры
0 дауыс
Балықтың  жеке қабыршағын ұлғайтқыш əйнекпен қара, оның балық тіршілігіндегі маңызын айт.Жауап берініздерш өьінем
0 дауыс
Шубалшаннын ишки курлысы кандай
0 дауыс
7 сынып биология1 зертханалык жумыс барма?экожуие туралы
...