0 дауыс
4.2k көрілді
Шілдеханаға арналған тілектер

Бала – адамның бауыр еті. Бірін-бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ "балалы үй - базар" деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.

Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.

1 жауап

0 дауыс
Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман-есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын. «Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын. Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін. Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол! Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын! Дереккөзі: https://www.******.com/kz/tilek/7726-shildehana_besik.html © www.******.com

Ұқсас сұрақтар

...