0 дауыс
433 көрілді
Шілдехана деген не? Бесікке шілдеханада салады ма?

1 жауап

0 дауыс

Шілдехана - бесік той жаңа туылған нәрестенің құрметіне жасалатын той. 

Көбісі баланы қырқынан шығаратын уақытта ана мен баланың денсаулығы қалыпты болып тұрса , шілдехана той жасап  баланы бесікке салады

Шілдеханаға тән ерекшеліктердің бірі – бұл тойға қуаныш иесінің жора-жолдастары шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Бұл тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. «Негізінен  шілдехана үй иесінің жағдайына қарай үш күнге созылады. Шілдеханаға келген қонақтар таң атқанша жаңа туған нәрестені, оның анасын ардақтап ән салып, домбыра тартып, ойын-сауық ұйымдастырады. Шілдехана кешінде жиі айтылатын әннің бірі – «Бөбек».

Келген күні баланы шілде суға түсіреді. Анадан шыққаннан кейін ол тазару керек. Әдетте жара шықса жағу үшін осы шілде суынан кішкене ыдысқа құйып алып, сақтап қояды. Итаяқ – баланы шомылдыру үшін пайдаланылатын ыдыс. «Итаяққа салды ма?» деген сөз содан қалған. Оған ақша-тиын, сақина-білезік салады, баланы суға түсіріп болған соң оны келіндерге бөліп береді. Әйелдердің «Маған итаяқтан ақша қайда?» деп айтып жататындары осыдан»,- дейді А. Құдайбергенова мен Қ. Бекбалақ «Оңтүстік Қазақстан қазақтарының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері» атты еңбектерінде.

Олар нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіріп, шамаларына қарай сыйлықтарын береді, шашу шашады. Бұл күні ән мен күй толастамаған. Яғни жаңа туған нәрестенің алғаш еститіні қазақтың әні мен жыры болған. Бұл туралы салт-дәстүрді көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап жүрген «Бабалар аманаты», «Шуақты күндер» сынды кітаптардың авторы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова былай дейді:

— «Түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» дейтін халқымыз туыла салған баланың құлағына ән-жыр сіңіреді. Ән айтқан жерде жаман ой болмайды, тек жақсы көңіл-күй, жақсы тілек, таза ниет қана болады. Себебі, шілдехана жәй тойлау емес! Оны «Жын-шайтан жоламасын» деп өткізеді, қазіргі тілмен айтқанда, жаман энергияны сәбидің тап-таза, періште денесіне жолатпау. Осы жерде жаңа туған сәбидің «жолдасы» туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрын әжелер баланың «жолдасын» алып жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. Егер «жолдасы» далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың «жолдасын» алып, босанған әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған.

Шілдехана тойы басталғанда жиналған жұрт:

Сәби келді өмірге,

Сәби келді!

Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді.

Анасы аман босанды, қалжа жесін,

Ат ұстайтын азамат бар үйде енді, — деп ақ тілек, адал ниеттерін жеткізеді.

Өлең жолдарында келтірілгендей, шілдехана тойы кезінде келінге арнап қалжа сойылады.

«Қалжалы әйелден олжалы ұл өседі»

Ұқсас сұрақтар

...