0 дауыс
18.9k көрілді

Әкеге арналған тілектер бар ма? Өлең жолында емес, қарасөз түрінде керек?

1 жауап

0 дауыс
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз! Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді. Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз! Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын
...