0 дауыс
2.0k көрілді

1. "Ұлтшылдық" сөзінің мәні неде?

2. Ұлтшыл адам сипаты қандай? Осы сұрақтарға жауап алып, кезекті кешімізді өткізіп қайттық. Алған мəліметтерімізбен бөлісе кетсем: 1. "Ұлтшылдықтың екі түрі бар" Олар, негативті және позитивті... 2. 60-шы жылдары "Ұлтшыл" деген сөзді айта алмайтын. Сол себепті "Ұлтжанды" деген сөзді ойлап тапты.

3. Менің ойымша, "Ұлтшыл" деген сөздің бастапқы мағынасын қайтаруымыз керек. Ол жаман сөз емес..
Адамдарға дұрыс жеткізсек, ол сөздің қадірі, түп негізі қайта келеді.

4. Билікке қателіктерін көрсету, өз пікірін айту, дұрыс жолға бағыттау, "оппозиция" деген ұғымға келмейтін сияқты. Ол сенің азаматтық позициянды көрсетуін дегенге жақынырақ...

5. Біздің "Ұлттық рухымыз" 6 жасымызда батырлар жырын оқып көтерілетін. Қазір ол процес қалай жүретінін білмедім..
Қоғамда қашан "Ұлттық рух" көтеріледі? Қарапайым қазақ сөздері қате жазылған кезде, намыстарына тиетін кезде, сондай деңгейге жеткенде, қоғам жалпылама рухтанады. Ал рухшыл қоғам, кез-келген мемлекеттің діңгегі.

6. Рухты көтеру үшін "НАМЫС" керек. Егер Қазақстанда еш проблема болмаса мен космополит болуға дайынмын.

7. -ов; -ев; орыстың бізге салған құлдық таңбасы.

8. Бізді құртатын бір сөз - "Онда тұрған не бар?". Мысалы "Медеу"-"Медео". Бұны ешкім ауыстырмайды.

9. Ұлттық ойынымыз "Қыз қуу" дәстүрі тоқтатылды. Ғасырлар бойғы мәдениетімізді бір сəлəфит құртты.

10. Қазақ қазақты өлтіріп кетсе, бармаймыз. Ұйғыр қазақты өлтіріп кетсе скорый помощь сияқты жетіп барамыз. 

12. Ұлтшылдық дегеніміз - басқа ұлтты жек көру емес. (с) Дос Көшім

Сіз қалай ойлайсыз?

Ұлтшыл, ұлтжанды болу

2 жауап

0 дауыс
Ұлтшыл болу керек, оған басқа ұлттар ренжи қоймас, керісінше силайтын болады ҰЛТ ретінде.  Ұлтшыл елдердің бәрі дамып кеткен. Ал көп ұлттымыз деп жүрген адамдар өз мәдениеті, ұлт құндылықтарын, тілін, беделін жоғалтады.
0 дауыс
Ресей туристері біздің елге келсе өзінің тілінде басына сөйлей береді қысылмастан, өзін биік ұстап. Ал сол орыс туристері Ташкентке барса тілдері келмесе де  Саламалейкум  деп таңғалған заттарын өзбекше айтып, түсінбесе де түсінген адам сияқты яқши-яқши деп сұрап жалпақтап жатады, оларға өзбек ағайындар өзбекше айтып жатса түсінбесе де бастарын изеп ишара жасап, жылы күлімдеп жатады,  ол ұлтты силағандары.  Өзбектің әр-қайсысы ұлшыл, орыстың да әр-қайсысы ұлтшыл, немісің де ұлтшыл, олар ұлтшылдықтан ұтылып жатқан жоқ керісінше дамып барады. Мен де бір озық техника жасап ҚАЗАҚ ұлтының атынан шығарып, өз ұлтымның беделін көтергім келеді де тұрады. Әлемге технологияларымызбен танылсақ бізді құрметтейді,  құры құрметтегені былай тұрсын қазақша үйреніп қазақ тілінде сөйлегілері келіп тұратын болады. Жапондарды бүкіл әлем не үшін силайды?

Ұқсас сұрақтар

...