+2 дауыс
Қабдеш және мұхтар қатарлы ағаларымыз осы ов ев жалаудан арылса қазақ тіліне үлес қосқан болар еді.сол жалғауға неге жабысып қалды екен?
12.05.2015 757 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Мәселе Қабдеш пен Мұхтардың тегінде тұрған жоқ. Өзгерткісі келгендер ешкімге қарамай-ақ өзгертеді. Халықтың ұлыларға қарап бой түзейтіні рас болса, Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлын танитын қазақ атаулының тегінде -ов, -ев, -ова. -евалар болмайтын еді.    Ғұмырының көп бөлігін Кеңес қоғамында өткізген адамдарға тегіңді өзгерт дегенше, өзімізден бастайық. Балаларымыздың тегін қазақша жаздырайық!  "Көш жүре түзеледі" деп жүріп, жүріп келе жатқанымызға 24 жылдан асып кетіпті)) Көш жүре түзелмейді. Түзетсе ғана алға жүреді!  

12.05.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы