0 дауыс
192 көрілді
Бауыржан Кыдырғалиұлы! Мен, Желтоқсан көшесіндегі 35 үйдің 3 подъезд тұрғынымын. Аталған подъездте 4 жыл тұрып жатырмыз. Осы уақыт аралығында подъездге бір де бір жөндеу жұмысы жүргізілмеді. Подъезд өте нашар жағдайда. Ай сайын үйді ұстауға әр пәтер 1170 теңге төлейді. Подъездте терезе де жоқ, қабырғалары құлап жатыр?

1 жауап

0 дауыс

Ортақ үйлік мүлікті тиісінше пайдалану және күтіп-ұстауға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісін жөндеу жауапкершілігі кондоминиум объектісін басқару органына артылады, яғни ПИК. «Орман» ПИК (бұдан әрі – ПИК) төрағасы К. Оспанованың түсінік хатынан тұрғындардың ортақ шешімі бойынша бірінші кезекте 450 000 теңге сомасына 1,5 м биіктіктегі қоршау қою шешілді, алайда ПИК осы қаражатқа кіреберісті жөндеуді ұсынғандығы анықталды. 2016 жылғы 15 қыркүйекте мердігерлік ұйым 3 кіреберістің жөндеу шығындарының сметасын 198000 теңгеге есептеп берді. Смета кіреберіс бойынша қол қоюды жинау үшін берілді. Кіреберісті жөндеу қол қоюды жинаудан кейін, сметаға сәйкес 2016 жылғы 20 қыркүйекте жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі, яғни дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі. Заңның 42 бабына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органының жұмысына қанағаттанбаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайларының меншік иелері басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6 тармағына сәйкес жеке немесе заңды тұлға лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқылы.

...