+2 дауыс
1.1k көрілді

Мен незігі өте нашар адаммын!! Мен үйленген жігітке ғашықпын!!! Оның отбасымен араласамын. бірақ сол үшін өзімді әйдік жек корем. Мені құдай да кешпейтін шығар. Мен оны әйелінен қызғанам. Сөйлесіп отырғанда кейде бәрін айтқым келіп кетеді. Бірақ олай болмайтынын білем де. Жігіт те біледі менің сондай сезімде екенін. Тек әйелі білмейді. Мүмкін мен оның өмірін, оның орында мен өзім болғанымды қалайтын шығармын. Не істесем болады? Мен өз сезімімді тұншықтыра алам, ол қолымнан келеді. Менікі бұл махаббат, ғашықтық та емес шығар. Жай біреудің өмірін көре алмаушылық. Мен бәрін ұмытқым келеді. Әйелімен сөйлесіп отырғанда өз ісімнен өзім ұяламын, менікі қиянат, қате деймін. Ал араласпай кетейін десем, ол мені түсінбей қала ма деп қорқам. Ренжісе ше деп. Ал онымен араласқан мен үшін өте қиын, жанымды қоярға жер таппай қалам. Соңғы кезде өзіммнен өзім осы ойдың соңына түсіп кеттім, ештенеге зауқым жоқ. Мен үшін өмір мәнсіз болып барады.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлеметсіз бе! Сізді кінәләп, сізге айып тағуға менің құқығым жоқ. Пенде болғасын әрбір адамнын басынан өтуі мүмкін жағдай. Әрине сіздің бұл ісіңізді мақтауға болмайды, бірақ мойындағаныңызды ерлік деп санауға болады. Менің сізге айтарым, тағы да ол менің жеке ойым, жеке пікірім, алыстаңыз, түгел отбасынан алыстаңыз, араласпаңыз, ұзынды-қысқасы ұмыт алсаңыз, ұмытыңыз. Ең дұрыс шешім сол болады. Өмірдің мәні бар, мәнсіз өмір болмайды. Алдына мақсат қойған, соған жетем деген адамның қолынан бәрі келеді. Адамға бір нәрсемен, бір затпен айналасу керек. Өзіңізге көңіл бөліңіз, өзіңізді танып, өзіңізді дұрыс жолға қоюға тырысыңыз. Аллахымыз аса мейірімді, кешірімді әрбір құлын жақсы көреді. Адам шын ниетпен кешірім сұрап, істеген ісіне шын ниетпен өкінетін болса, және қайталамайтын болса, кешіруі мүмкін. Сізге қойылған сынақ ретінде есептеңіз, нәпсіңізді тыйыңыз, діни сауатыңызды ашыңыз, көп нәрсеге көзіңіз ашылады. ӨЗ өміріңізді көпшілікке талқыға сала бермеңіз, қиын болса нағыз досыңызға немесе өзіңіз танымайтын жақсы психологқа жолығыңыз. Сезім уақытша нәрсе, бәрі нәпсі, шайтанның арбауымен өзіңізді жегідей жеп, қазаққа қызына, қазақтың ділінде (менталитет) жоқ нәрсені істеп жүрмеңіз. Осы кезде ел, жұрт, ата-ана, жора-жолдастың көзінше қара күйік боласыз. Сізге айтарым осы. Қалғанын өзіңіз шешесіз. Бірақ мына нәрсені ұмытпаңыз: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев

Рахмет. Менің де ойым сол еді. Мен негізі артық қадамға бармаймын. Ол менің ешқашан қолымнан келмейді. Мен үшін ең қастерлі нәрсе отбасы, сондықтан менің отбасым мен үшін ұялмас үшін бәрін жасаймын! Тек танымайтын біреуге айтқым келген еді. Сөге көрмеңіз.
0 дауыс

Адамда өзіндік тәртіп (самодисциплина) деген болуы керек. Ғашық болсаң бола бер. Бірақ, өз өзіңе еге бол, біреудің отбасына қиянат жасама. Уақыт өте келе сезім суиды.

Әрине сезім суиды. Мен де уақыт өте бәрі де ұмыт болар деп ойлаймын.
+3 дауыс

Өзінің дұрыс емес-ау деген ісін бұлай батыл мойындау кім болса соның қолынан келе бермейді. Сол сияқты еш нәтиже болмасын сезе тұра сүю үшін де үлкен жүрек керек. Сіз керемет жансыз!

Рахмет. Мені қолдағаныңызға.
0 дауыс

Айтып отқандарыңның бәрі өтірік сияқты әйелімен сөйлесіп отырғанда одан ұялам дейсің қандай ұят сенде ұятың бар болса істемейтін едіңғой жігіт екеуіңді ауғанстандағы сияқты атып тастасағой анау байкус татеге жаным ашып кеттіғой екеуіңда оңбағансыңдар екеуің жабылып ана тәтеге қыйянт істеп жүрсіңдер 

Мен ұялатындай не істедім? Ештене. Тек өз ойымнан ұяламын дедім. Ол тек қана ой, егер ойласам ешкімге зияны жоқ шығар! Ол қыз мен туралы ешқашан, менің ойым жайлы да білмейді, ешқашан білмейді де
–1 дауыс
Менде осыған ұқсас сезімнің құбаны болып жүрмін менің айелім балам бар бірақ басқа бір қызбен жүрем ол үшін барін істеуге барам ол екеуміздің сезіміміз алғашында достықтан басталды
–1 дауыс


Егер ол жігіт сенің өзіне деген сезіміңді сезсе сенімен араласпайтын еді. Мен деген сөзді қою қылып жазып қойғаныңа қарағанда тым өзімшіл адам сияқтысың. Менің бұл өмірден түсінгенім біз кездейсоқ біреуге ғашық болмаймыз. Мүмкін ол сенің тағдырың. Тек қана күте біл.
 

Сұрақ текстіндегі кездесетін ілмектегі сөздер айқын қара әріппен көрініп тұрады.
Мен өзімшіл емеспін
...