0 дауыс
896 көрілді
Мазмұны Жаңа отаудың жасауы. Мазмұндама жазу керек?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызын қонағындай құрмет тұтқан қазақ халқы жат жұрттыққа жаралған қыз баланың барған жерінде абыройлы болғанын қалайды. Қыз жасауын әзірлеуде де ескерілетіні осы болса керек-ті. Ұлттық ғұрыптарымыздың бірі болып саналатын жасау дайындаудың бүгінгі сипаты, әрине, тіптен ерек. Жасау — жас отауға ең қажетті деген негізгі бұйымдардан құралуы тиіс. Ал қазір?! Жетім қыздың жүгіндей… Келген келіннің жасауына осылай деп мін тағылып жатса, абырой емес. Десек те, көрпеге қарай көсілмеске тағы амал жоқ. Жасау әзірлеуге кететін шығын бір тойға жұмсалатын шығыннан асып түспесе, кем болмайды. Көрпе-көпшігін айтпағанның өзінде, ыдыс-аяқтың өзіне жоқ дегенде 150 мың қажет. «Жасаудың құрамында ағаш мүлік болуы тиіс» деген жасаудың жазылмаған қағидасы тағы бар.Ол былай тұрсын, тұрмыстық техниканың сан түрімен қатар сандығының бір бұрышына темір тұлпардың кілті салынған келіннің еңсесін көтере босаға аттағанын көргем. Әрине, жағдайы келсе — жасай берсін. Тек, тырнаға еремін деп, жүрісінен жаңылған қарға тәрізді, шама-шарқына қарамастан, несиеге белшесінен бату былай тұрсын, бастарынан асыра жасау әзірлейтіндерді көргенде… Иә, мұндайда ВИА «Негрлерге» қосылып ән шырқап кеткің келеді… Айтарым жоқ!!! Жоқ жерде бәсекешіл бола қалатынымыз қайран қалдырады мені. Дайын асқа тік қасық… Осыны көтере алмай, дандайсып кететіндері қаншама? Адал еңбекпен мал жиғанға не жетсін?! Сыйға келген дүниенің қадірі өзіңнің маңдай теріңмен тапқан дүниедей бола қояр ма екен?! Әй, қайдам?! Бағзыда қазақ қызы 7 жасқа жеткеннен кейін жасауын жинай бастайды екен. Жақсы ғой бұл. Бірақ, «сән» деген бәленің сан жылдан кейін қай шамада боларын кім біледі, сәннен қалған бұйымдарды «анамның еңбегі ғой» деп ала баратын қыз табыла қояр ма екен… Бүгінде «Келін не әкелді екен?» деп сын көзбен сандыққа сұқтанатындар да көп қазір. Тіпті, әкелген бұйымдардың бағасын лезде базар бәсімен салыстырып, бажайлап отыратынын қайтерсің абысын-ажындардың. Өз жасауын өзі әзірлейтінде де бар. Дұрысы — осы сияқты. Ешкімге салмақ салмайсың, ал ата-анаң тойыңды жасап берсе жетіп жатыр. Бас екеу болса, мал да екеу. Бастысы — жанұя жарастығы.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...