Жігіттер турникке неше рет тартыласыңдар?

0 дауыс
678 қаралым
Дене шынықтыру туралы соңғы жариялаған постым кімнің есінде? Турниктың құлағында ойнай аласыз ба? "Подъем- переворот" жасайсың ба құрығанда?
• Санаты: Денсаулық

3 жауап

0 дауыс
Көп уақыт үзілістен кейін өткен жексенбі күні 10 рет әзер тартылдым. Былтыр 16-18 рет тартылатынмын. Қар түскенше қайтадан сол межеге жетпекпін. Подьем переворот, артпен шығу, алдыңмен шығу үшеуін жасай аламын. Шпагат нөл, шамамен 120 градус қана шығар.
0 дауыс
Студент кезімде 25 рет тартылатынмын. Өткенде көрсем 5 рет қана тартылдым. Төменнен біреу тартып тұрған сияқты, денем ауыр. Подъем-переворот екі рет жасадым. Осылай кете берсе арғы жағын елестетудің өзі қорқынышты... Аптасына бір күн волейбол ойнағанды көңілге медет қылып жүрмін.
0 дауыс
Армияда 50 рет тартылғанда оны аз дейтін, қазір таза 10 ақ рет.  егер қолың талмайтын болса  100 рет тартылар едім,  қол деген талып кететін болыпты соңғы кезде.

Ұқсас сұрақтар

127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы