0 дауыс
2.6k көрілді
Жаңа индустриялдық кезең, Еуропа мемлекетінің саяси құрылымы. Ұлы державалар және олардың энциклопедиясы. Дүние жүзін бөліске салу мәселесі. Пацафизм ұлтшылдық және нәсілшілдік. Осындай тақырыптарға ортақ мәлімет керек еді. Дүние жүзі тарихы.

1 жауап

0 дауыс

ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдердің өндіргіш күштерінің жедел даму кезеңі болды. Өндіргіш күштердің өсуі үшін өндіріс құралдарын машиналарды жасап шығарудың көлемін ұлғайтудың зор маңызы бар еді.1870 жылдан бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа (1914ж) дейін машина жасау көлемі 5,5 есеге өсті.

Энергетика саласында ұлкен өзгеріс болды. Су құбырлары қазандары мен бу трубиналарын пайдалану көмірді тиімдіқолдануға мүмкіндік берді. Электр мен іштен жанатын двигательдер будыығыстырды. Қуатты су электр станциялары салына бастады.

Дамыған мемлекеттер – АҚШ, Германия, Англия, Франция т.б. экономикасында химия, электортехника, автомабиль және ұшақ жасау жедел өркендей бастады.

Өндіргіш күштердің дамуы көлік пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызды. Солтүстік Американы, Азия мен Африканы кесіп өтетін темір жолдар салынды.

ХІХ ғасырдың соңындағы бу флоты желкенді кемелерді ығыстырып шығарды. Әлемдік флот тоннажы ХІХ ғасырдың 70 жылдары 1 млн тоннадай болатын, ал 1913 жылы ол 33 млн тоннаға дейін жетті.

Байланыс құралдарының дамуы континенттер мен алыс аудандарды жақындатуға септігін тигізді. Бұған телефонның, дыбыс жазатын фонографтың, радио және киноның шығарылуы зор үлес қосты.

Сондай-ақ баспа ісінің жетілуінен кітаптар мен газеттердің таралымы көбейді.

Ғылымда көптеген жетістіктеге қол жеткізді. Ол материя құпияларын шешуге таяды. Сондай-ақ атомның бөлінгіштігі мен радиоактивтілік жөнінде жаңа білімдер пайда болды. Дәрігерлік жетістіктегежетті. Географиялық ашулар, Солтүстік және Оңтүстік полюстерге қадам басу адамдардың планета туралы білімдерінің кеңеюіне мүмкіндік берді.

Әбебиет пен өнер саласында да үлкен табыстарға қол жетті. Көптеген елдер мен халықтар арасында тығыз мәдени байланстар орнады.

Алайда ғылым мен техника жаңалықтарын әскери техника мен адамдарды қырып-жоюға арналған құралдарды (пулеметтер, алысқа ататын зеңбіректер, танкілер, сүңгуір қайықтар) дамыту мақсатына пайдалануы олардың жағымсыз жақтары болып табылды.

Капиталисік дамудың жаңа сатысы – қаржы капиталының үстемдік ету кезеңі. Жаңа өндіргіш күштер жоғары деңгейде дамуы өндірісті ұйымдастырудың жаңа кезеңіне көтерілуіне жағдай жасады. 1870 жылдың соңында жас капиталистік мемлекттер АҚШ пен Германияда, жаңа басқа мемлекеттерде капитал мен өндірісті шоғырландырған, бұрын еш жерде болып көрмеген ұйымдар қалыптаса бастады.

Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктер арасында бәсекені уақытша тоқтату жөнінде келісімдер болды.Капиталистік шаруашылықтың дамуынабайланысты монопалистікбірлестіктер әр түрлі үлгілерде пайда болды.

Көптеген банкирлер кәсіпорындарды иеленсе, ла кейбір өнекәсіп иелері өз банктерін құрды. Өнеркәсіп және банк капиталы бірігіп, ірі күшке айналды. Мұның өзі олардың қосыла келе қаржы капиталын құруына жеткізді.

ХХ ғасырыдың басында қаржы капиталы аз ғана ірі кәсіпкерлердіңқаржы капиталы алпауыттарының қолына шоғырланды.

ХХ ғасырдың басында капитализмнің дамуы толық қалыптасқан жаңа кезеңнің маңызды белгілері мыналар:Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, корпорациялар мен монополиялық үлгідегі фирмалардың пайда болуы: банк капиталының шоғырлануы және банк монополияларының пайда болуы.

1900-1913 жылдардың өзінде ірі капиталистік елдердің шетелге шығаратын капиталдың өз елінің экономикасына жұмсаудан гөрі шетелге шығаруды артық санауды метрополиялардың дамуына кедергі жасады.

1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы алигархиясының қолында барлық акциялардың 80 %-тен астамы шоғырланды. Буржуазия өкіметінің түсуіне қарай капиталистік мемлекеттер өз отарларын ұлғайтуға тырысты.Ірі және халқы тығыз орналасқан отарлар ескі отаршыл мемлекеттер: Англия, Франция, Бельгия, Португалия, Нидерланды және Ресейдің қарамағында болды. Ал жас державалар АҚш пен Германия отарлау саясатына кеш келгендіктен, отарлары аз болды. ХІХ және ХХ ғасырдың тоғысында дүние жүзін бөліске салу үшін империалистік соғыстар басталды. Мысалы, ағылшын-бур соғысы (1889-1902), испан-американ соғысы (1898ж), орыс – жапон соғысы (1904-1905).

Сонымен, қаржы капиталының үстемдік етуі кезіндегі империалистік саясаттың негізгі белгілері мыналар: 1) капиталды шетелге шығару; 2) дүниежүзін экономикалық бөлісу; 3) дүниежүзін аумақтық бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісу үшін күрес.

Толығырақ: https://baribar.kz/student/6520/industriyalyq-oerkeniettinh-zhanha-kezenhi-1870-1918zhzh/

Ұқсас сұрақтар

...