0 дауыс
4.7k көрілді
Менің есімім өзіме ұнамайды ауыстыруыма болама?

1 жауап

0 дауыс

Ұлты қазақ адамдар тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы өтінішпен әділет органдарына жүгінген кезде азаматтар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өздері қалайтын тегін, атын, әкесінің атын, ауыстырылуы тиіс құжаттары туралы мәліметтерді көрсете отырып арыз береді.

Өтінішке мына құжаттардың біреуі қоса беріледі:

-    туу туралы куәлік (бірінші рет жеке куәлік алатын кезде);
-    ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
-    офицердің жеке куәлігі (бұрын жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған әскери қызметшілері үшін ғана);

Қажет болған жағдайда өтініштің негізділігін растайтын қосымша материалдар талап етілуі мүмкін.

Өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі,
аты, әкесінің аты қазақ тіліне тән емес қосымшаларын (-ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -на, -ович, -овна, -евна) алып тастай отырып, алайда тегі мен әкесінің атының түбір негіздері сақтала отырып жазылады. Бұл ретте әкесінің есіміне адамның жынысына қарай «улы, ұлы, кызы, қызы» қосымшалары жалғанады. Мысалы, Наурызбаев Булат Керимович, Наурызбаев Болат Керімулы болып немесе Наурызбаев Болат Керімұлы болып жазылады.

Ұсынған құжаттарында өтініш берушінің тегі болмаған жағдайда оның әкесінің аты тегі ретінде жазылады.

Өтініш беруші тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге арыз бергенде бір мезгілде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің аумақтық басқармасына Арнайы есепті жүргізу ережесінің 27-тармағына сәйкес бұрынғы тегіне, атына, әкесінің атына қойылатын талап жіберіледі. Азаматтың сотталуы бар болған жағдайда 5 күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚС ж АЕК басқармасына оның тегінің, атының, әкесінің атының өзгергені туралы хабарланады.

Тегінің, атының, әкесінің атының өзгеруіне байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес АХАТ немесе сот органдарында белгіленген тәртіппен шешіледі».

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 04.03.2005 жылы №74 бұйрығымен Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықтың 33-тармағында қазақ халықының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес тегін, атын, әкесінің атын жазу ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 1996 жылғы 2 ақпандағы №2923 Жарлығының талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

...