0 дауыс

Осыдан бес ай бұрын ағам қызды болды. Есімін "Ая-Бегім" деп қоймақшы болып едік. Біздің заңда сызықшамен (Ая-Бегім) немесе бөліп жазуға (Ая Бегім) болмайды екен. Құжат беретіндер солай дейді. Ақыры Аябегім болып кетті. Кейіннен бір таныстарым Салтан Сәкен атты бір адамның сызықшамен бөліп жазуға болатынын дәлелдеп, АХАЖ-дағыларды жеңіп шыққанын айтты. Заңды білесің ғой. Анығы қалай?

Шерхан Талап

15.08.2014 1.2k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 63-бабында баланың ат алуға құқығы туралы - БӨЛЕК жазылған жағдайда ҚОСАРЛАНҒАН ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс екені анық көрсетілген.
15.08.2014
0 дауыс

Олай сызықшамен жазылуы мүмкін емес. Мынандай жағдайда Ая Бегім деп жазылуы мүмкін. Ал былайғы жағдайда жеке жазылмайды. Қыз 16 жасқа толғанда арызданып көріңіздер. ХҚКОна немесе АХАЖға

15.08.2014
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы