0 дауыс
322 көрілді
Бәрі де жөн ғой , алайда өкінерім сол еш көрмедім қоғам болашағы мен олардың абырой туралы ештеңе жоқтығына. Менің бұл сайтқа кіргендегі үмітімнің бірі Нұр-Мүбәрәк деген университеттің атауын оқып қалып басталды. Сондағы ойым, мүмкін мен осы уақытқа дейін еш таппай және кезікпей жүрген мәліметтерді табармын деген ниетте. Айтайын деген ойым мынау, ол оқу орнын Президентіміз де Араб мемлекеті де жалпы Иманды да қайырымды жомарт исі Мұсылмандар бас қосатын жері ғой деген ниетте. Осы уақытқа дейін сауабты да абыройлы мәселені шешіп көмектесетін ешкімнің байланыс құралдарына тап бола алмай жүрмін, бірнеше ақпарат құралдарына жүгіндім алайда нәтиже жоқ. Ел басымызға тікелей жіберетін байланыс жоқ, оның көмекші хатшысы мен министірлеріне жіберген эл.почтамнан хабар жоқ мүмкін ескі немесе жалған болдыма білмеймін эл.почталары. Ал жалпы еліміздегі Түркі тілдес Мұсылмандар өз проблемаларымен миы қатып жүрген болар пендешілік қой түсінем. Ал Араб немесе Ислам мемлекеттерінің біздің елдегі байланыс мәләметтерін еш таппаймын, әртеуір миым қатып сіздерге жазып отырмын. Бұндағы басты мәселе мынау, менің төрағалығыммен, Яссауйдің бауырына басқан ұлы әрі Яссайдің орнын жоқтатпай жалғастырған және бүккіл еңбектерін алғаш боп Түркі тілдеріне аударып таратып  барша Түркі тілдес Мұсылмандарының тұңғыш Пірі атанған Әзіреті Маулана-Сафиаддин Әулиенің атындағы Қоғамдық Қайырымдылық Қордың жанашыр кеңесшілері мен Иманды мүшелерінің ақ ниеттері еленбестіктен туындайды. Бұл Қордың қайырымдылықтан тыс мақсат-міндеттерінің бірі еленбей әрі ескерілмей қалған Әулие бабаларымыздың басын қарайтып, жан-жағын тазартып жолын жөндеу әрі көне тарихын жаңғырту әрі Түркістанға ағылып келуші Зияратшыларды сол Киелі жерлерге апарып Құран бағыштап және Құдайдың Нұры төкен жерде тұрып жаратқаннан кешірім сұрап әрі сол әулеттің тірілерінен   ақ-бата алып қайту болып саналады. Бір өкініштісі ЭКСПОға келген адамдардың біразы Әулие Ахмет Яссауйге келсе Зияратқа , ал олардың көбісі Әулие Маулана-Сафиаддин \Қойлақы-Ата\туралы қанық болғандықтан барам деп қалса, масқараның көкесі сонда болмақ, себебі ол жерде екі адам отырып Құран бағыштайтын орында жоқ, дәрет алып жамбас басар шырақшысының үйі мен қонақ ас берер жер түгіл. Ал оның ұлы Әзіреті Захиаддин-Шайх Әулиенің \Тілеулі-Ата\ мүрдесінің айналасыда сондай, бүккіл кезіндегі Алтын-Орда Хандары мен Билерін Исламға кіргізіп Пір атанған әрі қол тапсырған Шынғыс-Хан ұрпақтары. Айта берсем көп Әулиелік дәрежеге жеткен әрі жалпы Халыққа кезінде үлкен пайдасы тиген ата-бабаларымыз. Ендігі мәселе сондай жерлерді сайқы-мазақ қылып жүрген өзіміздің баур-әпке қарындастарымыздан құралған заңсыз ұйымдарымыздың, яғни Туризм атын жамылып, тарихтан еш хабары жоқ ақша-дүние, құлқын үшін арбап-алдаушылар іштен шыққан сектантарымызға кім тосқауыл қоятынын тағы түсінбейміз. Біздің бар мүмкіншілігіміз алдын-ала барам деген Зияратшылардың санына байланысты ертеден вагоншик немесе қар үй жалдап, көрпе-төсегіміз бен ыдыс-табағымыз және арзан көлік дайындап күтіп тарихымыз бен салт-дәстүрімізді білдіру жарқын болашағымыз үшін әрі Рухани сауықтыру. Айналайын Түркі тілдес бауырлар, оның ішіндегі аңқылдаған Қазақтарым, дана аға-ата-бабалар айтпақшыдай Ел болам десең бесігіңді түзе әрі өлі риза болмай тірі байымайды деген қағидаға мән бермей абыройлы бола алмаймыз болашақ пен сырттан келушілер алдында.

Алтынбеков Ерлан Тұрғанбекұлы

1 жауап

0 дауыс
Ассаләмуғалейкум, нақты нақты жазыңызшы жағдайды және сұрағыңызды мына жерге, түсінікті болу үшін.
Біз де нақрытақ түсіне алмадық. Сайтта кері байланыс арқылы еңбектеніп жазған соң, өшіріп тастай алмадық.
Бұл кісіге айтарым Дін істері басқармасына жүгінсін.
...