+1 дауыс
877 көрілді

"Вертер синдромы". Бұл синдром бойынша, бір рет жасалған жауыздық актісі ақпарат құралдарынан немесе әлеуметтік желілер (және ватсап) арқылы кеңінен айтылып, жазылып, көрсетіле берсе және таратыла берсе бұл қаніпезер әрекет домино әдісімен елдің әр қиырынан қылаң беріп, ұласпалыға айналады. Мәселен, өзіне-өзі қол салу әрекеті.

1774 жылы Гёте "Жас Вертердің азабы" атты роман жазып шығарады. Опшым сол туындының соңында жас Вертер өз-өзіне қол жұмсайды (нақтырақ айтсақ өзін-өзі атады). Бұл шығарманы оқыған көп­теген жастар өздеріне қол жұмсап, бас кейіпкердің күйін кешеді. Көптеген елде бұл шығармаға тиым салынады.

Арада екі ғасыр өткен соң америкалық социолог Дэвид Филлипс коллегасы Карстенсенмен бұл синдромды зерттеп қараса туынды шыққаннан кейін 7 жылда БАҚ беттерінен суицид туралы жаңалықтардан кейін 12585 суицид оқиғасының тіркелгенін анықтайды. Осылайша бұл оқиғаға "Вертер синдромы" атауын береді. Бұл жай ғана кітап оқиғасы. Ал басқа да кино, сериалдардың алып келген суицид оқиғалары да бар. Түрік әншісі Мурат Кекиллинің "Бүгін кешке өлемін" атты әнінен кейін де көптеген жас суицидке барды.

Сексенінші жылдары Австрияда метрода суицид көбейді. Сонда бұл келеңсіздік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналады. 1987 жылы Вена дағдарыс орталығы және Вена метросы ақпарат құралдарына бұл тақырыпқа шектеу қоюға яғни "теміржолдағы өлім" тақырыбында жазбауға, ең болмаса "сенсация" жасамаулары туралы үндеу тастағаны сол екен, көбісі құп алған екен. Нәтижесінде 1 айдың ішінде суицид 3 есе азайған.

Негатив ақпарат, расталмаған ақпарат таратпаңдаршы, ағайын! "Вертер синдромының" біздегі оқиғалары Тараздағы суицид немесе тастанды балалар жағдайы. Флешмоб секілді сондай жаңалықтар көбейді немесе белгісіз жандардың қанға бөккен суреттерін тарату арқылы өзіміздің де өзгенің де психикасын бұзамыз! Лажы болса ондай суреттерді ашпаңыздар, таратпаңыздар. Психологиялық ауытқуларыңыз болса, онда ол бөлек әңгіме. Кеше Ақтөбе, бүгін Алматы... Ертең Құдай сақтасын!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...