0 дауыс
4.3k көрілді
Адамның өміріне қауіп төнетін факторларды жоюға немесе азайтуға бола ма? Эссе жазу керек. Тірек сөздер: қауіп қатерді тани білу, қатердің алдын алу, төтенше жағдай

1 жауап

0 дауыс

Тірішілік қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады.

Адам өмірінің немесе өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының негізгі мақсаттарына төмендегілер жатады:

  • қауіп-қатерді тани

білу. Атап айтқанда оның түрін, болып жатқан жерін, қатер болу мүмкүншілігін, зардаптың және оның әсерінен болатын зиян шамасын және т.б.;

  • болғалы тұрған қауіп

қатердің алдын алу;

  • қауіп-қатер болғанда,

төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр. Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды.

Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек.

Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі.

  1. Адамды және өмір сүру ортасын

қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу.

  1. Қауіп-қатердің қорғау іс-

әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.

Қауіпсіздікті қамтамсық ету шаралары қауіп-қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі туындағанда қолданылады. Оған зардап шеккендергі бірінші медициналық көмек көрсету, қоғамды қылмыстық топтарынан қорғау,ластанған аумақты тазалау және басқа да жұмыстар жатады.

Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп-қатері

Антропогендік қауіп-қатер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болып, адамдардың ден-саулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін құбылыс.

Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінен өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетін негізгі фактордардың бірі атмосфералық ауаның былғану көздері. Атмосфералық ауа – бұл азоттан, оттегіден, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелийден және басқа газдардан тұрады. Жоғарыдағы газдардың ішіндегілердің адамға өте керектісі оттегі. Себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі және ол бар жоғы 2-3 минутқа қана тыныс алуға жетеді. Ал 5 минут өтсе, адамға оттегі жетіспегендіктен, оның ми қабатының жұмысы тоқтап, биологиялық өлімге әкеледі. Атмосфераның әр түрлі зиянды заттармен ластануы, адамдардың ауруына ықпалын жасайды. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі антропогенлік көздерге өнеркәсіп орындары, жылу энергетикасы мен көліктер жатады.

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші денгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соқтырып, олар қара түтін (смог), қышқыл жауыны, парниктік эффект сияқты зиянды құбылыстарды тудырып және озон қабатының жұқаруына ықпалын тигізеді.

Жарақаттар түрі

Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің — аяқ- қолдың сынуы мен буынның шыгуынан, жүмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі. радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің со-зылуы.буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шуғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, кір жуушылардың жауырауы және т.б.).

Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу — адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (корқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сыр-қат құлайды.

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқажәрдем көрсету

Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.

Коллапс — өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда қол лапс уланған және ауырған (сүзек, екпе ауруы, кауіпті панкриотит және тағамиан шыққан аурулар) кездс пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық кысымы сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

Коллапс кезіндегі дәрігерге дейіңгі көмек көрсету.

Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% – 1мл мезатон, 25 % – 2мл кордиамин, 5% – 1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10% -1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тарылған сырқаттарды шуғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.

Жарақат алғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз, егер қолыңызда докі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріндеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г аналыин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Буынның шығуы — бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатономиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді.

Барлық ықтимал құралдармен сырқырауды тоқтату және көлік шиналарын қою да көмек көрсетудің қажетті шарттары.

Шиналар сүйектердің зақымданғандығына немесе зақымдан-бағандығына қарамастан қойылады.

Оқиға орнында көмек көрсету

Оқиға орнындағы көмек екі кезеңмен көрсетіледі.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ-қолды қалайша жылдам босатуға байланысты.

Толығырақ: https://baribar.kz/student/546/tirishilik-qauipsizdigininh-negizgi/

...