0 дауыс
2.2k көрілді
Қазақта   мынау текті, мынау тексіз деген сөздер көне заманнан бері қолданылып,айтылып келеді.Тектіліктің ең  мықты белгісі қандай болады деп ойлайсыз?  

Қандай жағдайда адамның тектілігі бағаланады?  Мен ойлаймын, әр адам өз ата-бабасының жерін жатқа таптатпайтын, жерін тастап қашып кетпейтін, әруақтарды силап, құрметтеп қастерлей білетін, өз туған жерінің қадір-қасиетін бағалай білетін ұрпақтар ғана текті деп. Сіз не дейсіз осы туралы. Бұны иісі Қазақ жігіттері біліп жүруі керек!   (бұл сұрақ біреулерге ұнамайды,оны жақсы сезіп отырмын)

4 жауап

0 дауыс

Жылқының тектілігі сол, айғырлар өз тұқымына ешқашан шаппайды. 

Бұрынғы бай бағландар, батырлар өздеріне міндетті түрде бір жақсы ат ұстай білген. Тарихымызға үңілер болсақ, тіпті бір жақсы ат үшін, ел мен ел ерегескен замандар болған. Қазақ ат ер қанаты деп бекер айтпаса керек. Аты әлемге мәшһұр Шыңғысхан жарты әлемді уысына алуы - көшпенділердің жылқы жануарының ерекшеліктерін  соғысқа өркениетті түрде пайдалана алуында болса керек.

Қазақ тарихынан жылқының алар орны орасан зор екені барлығымызға түсінікті. Аты аңызға айналған қазақ батырлары өзінің желден жүйрік сайгүліктерінсіз айтылмайды. Ертөстік, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр, Қабанбай батыр сынды ертегілер мен тарихымыздағы алып тұлғалардың аты ақылды тұлпарларымен қатар айтылады. Желмен жарысқан жүйріктер Марғабылдың қарақасқа аты, Ақан серінің Құлагері сынды арғымақтар ұлтымыз тарихымен қатар жасай бермек.

Сұрақтан өте түрі жаман қатты ауытқып кеттің , Мен жылқының тектілігі туралы сұрақты әлі қойған жоқпын. Ондай сұрақты келешекте қойып қалам ба деп қоям, бір ойым. ----------------------------Тағы да бір қайталап оқып көрші.
0 дауыс
Сұрақты тағы да бір қайталап оқып көрші.
0 дауыс
Адамның тектілігі оның тәрбиесінен байқалады. Ең мықты белгісі осы. Адам өте жақсы тәрбие алса кез-келген жағдайда өзін орнымен көрсете біледі. Оның әрбір сөзге килікпейтін, орнымен сөйлейтін, улкенге құрмет кішіге ізет етіп тұрғанын, бар салт-дәстүр жора-жоралғыларды білетінін және тағы да басқа тәрбиемен тарайтын қасиеттерін көрген адам оның текті екенін бірден-ақ байқайды. Текті болсын болмасын өте мықты тәрбие алған адам басқадан әрқашан биік тұрады. Адаммен қарым-қатынас орнатқанда да кез-келген ортада да тәрбиелілігімен көзге түссе оны сыйлап құрметтемейтін адам болмайды. Тектіліктің құпиясы - тәрбие.
Жалғыз тәрбиеге ғана емес. Тек (ген) деген ол атадан бастап бүгінгі ұрпақтарға дейін бұзылмай сақталып келе жатқан ген .Мысалы кейбіреулердің арғы аталары  Ата-бабалары болса, кейбіреулерінің ата-бабалары жоқ  қыздан тараған. Мысалы: Жүзге жатпайтындарды  алып қара, олар шын негізінде қазақ емес,бірақ қазақпыз дейді, ал қазақтарда 3 жүз бар міне бізді текті деп айтуға болады, өйткені қазақтар өз ұлтын өзгерпей, ауыстырмай 24 атасына дейін өз руын ұмытпай сақтап келеді.
0 дауыс
Біреудің текті немесе текті екенін бағалауға құқықтарыңыз бар деп ойлайсыздар ма? Егер құқығым бар деп ойласаңыз, неліктен солай ойлайсыз? Неге көбінесе ер адамдар сынап, кімнің кім екенін айтып отыра
...