0 дауыс
19.6k көрілді
Қазақ біреуге разы болғанда, ісіне тәнті болғанда "текті атаның баласы" деп жатады ғой. Осындағы "текті" сөзінің мағынасы тарқатып айтқанда қандай болады? Нақты қандай адамды "текті" деп санаған?

3 жауап

+1 дауыс

Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Дегенмен, кез келген адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуге, өзін жетілдіру арқылы белгілі бір қоғамдық дәрежеге жету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Яғни, тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Өзінің жеке басының кемшіліктерімен күреспеген жанға халықтың қырағы көзі өз бағасын беріп отырған. Сондықтан қандай текті жерден шыққанмен де өмірде өз жолын таба алмай, жеке басының ғана мүддесінің аясынан аса алмаушылықты тектілік деп танымаған. Яғни, тектіліктің негізгі өлшемдерінің бірі абыройлы азаматқа айналу болып табылады. Осыған орай халық арасында “Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз” деген қанатты сөз айтылады. Тектілік адамның ізгілікке, баянды мақсаттарға ұмтылып, жақсы үлгі-өрнек қалдыруынан көрінеді. Ал пендешілік пен нәпсіқұмарлықтың теріс жолына түскен азамат тексіздіктің құрсауына шырмала түседі. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді.https://kk.wikipedia.org/wiki/Тектілік

+1 дауыс
Текті деп басқа адамдардай емес,көзі ашық,көкірегі ояу,бойында халық сүйер жақсы қасиеттері бар кісілерді айтқан.
0 дауыс
Текті адам деп қазақ ұлттық құндылықтарынан сақтаған жандарды айтады. Тексіз деп ұятсыз, арсыз адамдарды айтады.

Ұқсас сұрақтар

...