0 дауыс
5.1k көрілді
Сибирская язва дегенді - Сібір жарасы деп жазудан бір танбай-ақ қойдық. Менің қолымда 1955 жылы басылып шыққан С.Арзымбетов деген кісінің "Орысшақазақша ауылшаруашылық сөздігі" атты ескі кітап бар. Сол кітапта "Сибирская язваның" қазақша аудармасы - топалаң, ұшпа /қойда/, қараталақ /сиырда/, жамандату /жылқыда/, ақшелек /түйеде/, түйнеме, күйдіргі /адамда/ деп тайға таңба басқандай етіп жазылған. Демек, біздің еліміздегі БАҚ осы аударманы басты негізге алуы керек. "Сибирская язваны" - "Сібір жарасы" деп аудару және қолдану ғасырлар бойы мал бағудың қыр-сырын жетік білген қазақ халқының тілін тірідей қорлау болып табылады. Өзіміз білмесек, білгеннің тілін алғанымыз жөн. Бұқаралық ақпарат қызметкерлері - тілшілер қауымы осыны ескерсек! Әр сөзді орнымен және орайымен қолданбасақ, мемлекеттік тіліміздің мерейін асырып, мәртебесін көтере алмаймыз!

1 жауап

0 дауыс
Атын атамаңыз! Аурудық атын қазақшаға аударып сөз байлығымызды түгендемей ақ қояйық. Басқа жөні түзу сөздерді дұрыстап алсақ та мұртымызды балта шаппас еді.
Меніңше сіздің айтып жатқаныңыз қате пікір. Сауатты болғаны дұрыс. Ол атын атамаңыз деп отырғаныңыз көне салт-дәстүр.
Аурудың көнесі не, жаңасы не?  бәрі сол бір ауру.
...