+2 дауыс
26.7k көрілді
Гастрит пен язваның қандай айырмашылығы бар?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Асқазанның шырышты қабатының қабынуын гастрит дейді. Бастапқы кезде дұрыс уақытында тамақ ішпегеннен, қуырылған , ысталған құрғақ тамақ түрлерін ұзақ ауқыт мезгілсіз пайдаланғанда ,спиртті ішімдіктерді темекіні аш қарынға пайдаланғанда асқазанның  шырышты қабығын тітіркендіріп, асқазан сөлі шамадан тыс көп бөлініп тітіркеніп қабынады. Жүйкесі жүқа,адамдарда да асқазан солі көп болініп гастритпен ауырғыш болдады. жалпы өмірде осы себептердің барлығы бірдей әсер беріп жатады.Бұдан басқа бауыр. өт , ұйқы бездерінің қызметі бұзылғанда, өт дұрыс жүрмей,ұлтабардан асқазанға, ,асқазаннан өңешке ауыз қуысына  дейін келіп жүрген жерінің бәрін қабындырады,Бұны "рефлюкс" дейді. Осы кезде себебін анықтап, емделмесе асқынып бірінші эрозиялар (шырышты қабаттың жұқарып,ыдырауы),,осы уақытта емдік шаралар  қабылдамаса онд асқазанның ішкі қабырғасында ойық жаралар яғни ЯЗВА пайда болады.Асқазандағы язва  өте қауіпті, тесіліп, жыртылып кетуі мүмкін язвадан қан кетіп адам өліп кетуі мүмкін. Ұзақ уақыт емделмеген язва ракка айналуы мүмкін..
+2 дауыс
Асқазанның созылмалы қабынуы (гастрит) сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Созылмалы гастриттер көп жағдайда бұл ауруға тектік бейімділігі бар балаларда байқалады. Асқазанның созылмалы паталогиясының қалыптасуына аналардағы жүктілік кезінде паталогиялар болған, жасанды тамақпен қоректендірілген, тегінде ауыр аллергиялар бар балалар бейім. Сырқаттың туындау себептері-астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан-өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен, ішек құрттары, ішек дисбактериозы пайда болады.

 Кейде никотин әсерінен карындағы ұсак қантамырлар зақымданып, ойық жаралар (язва желудка) пайда болады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90%-ға жуығы карынның ойык жара ауруына шалдығады.
+4 дауыс
Гастрит бұл асқазан ауруы сияқты ішті бүртіп ауыртатын ауру. Сырқаттың туындау себептері-астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан-өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен, ішек құрттары, ішек дисбактериозы пайда болады. Ал язваның не екенін білмедім...
+2 дауыс
Гастриттің язвадан айырмашылығы мынадай:

1. Гастрит - асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы, язва - асқазан шырышты қабығының кемшілігі, ойық жарасы.

2. Гастрит - язва ауруынан хабар беруші.

3. Гастрит жылдың әр мезгілінде үдей беруі мүмкін, ал язваға көктемгі, күзгі мезгілдерде асқыну тән.
+2 дауыс
Айырмашылығы: гастрит - асқазанның қабынуы, язва - асқазандағы ойық жара. Мысалы, айырмасы қол терісінің күйюі мен қол терісіне ойық жара шыққан сияқты.
+1 дауыс
Гастрит емделмегенде,дұрыс тамақтанбағанда асқазан жарасына алып келеді

Дұрыс тамақтанбау;гастритпен ауыратын адаммен сүйісу(НР инфекциясы әсірен) --> Эрозия  -->Гастрит  -->Жара ауруы -->Асқазан тесілуі  -->....
...