0 дауыс
610 көрілді
Жақын туысқаныңа ақшалай көп көмектесіп жүріп, өзің бір рет қаражат болмай қалып қысылғанда, сол адам ақшасы бар бола тұрып,әр нәрсені  желеу қылып, ат тонын ала қашып көмектеспей қойса...оған өкпелеуге бола ма?
Сені түсінемін! Эх... көмектескенің дұрыс қой) туысқанға көмектессең, байи түсесің деуші еді бір ақсақал ... жақсылығың Құдайдан қайтады

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жағдайға байланысты болады өкпелеу-өкпелемеу. Бірақ қаржылай көмектесіп жүріп, кейін өзіңе көмек қолын созбайтындар бар. Олар әртүрлі сылтаулар айтады мұндай адамдарға тек қана өкпелеп қана қоймай, сақтанып араласқан жөн және де көп сенуге болмайды.
Оларға онсыз да сенбеймін,  сонда да  кімнің қандай адам екені осындайда белгілі болады екен. Басыңа іс түспей ақ қойсын.  Мен ондай жағдайда бірінші болып барып, жағдайын сұрап,  қаржылай жағынан көмек беруші едім.   Жалпы былай: сен, көп адамдарға көмек берсең,  жақын адамдарыңды жоғалтасың,  олар сенен алыстап қашып жүретін болып қалады.   Бұл мәселе  тереңінен ойланатын жағадай болып тұр.
0 дауыс
Өзіңе ғана өкпеле.Саған ешкім көмектесуге міндетті емес,бәріне өзің қол жеткіз
Маған ешкімнің ақшасы керек емес, просто 1 аптаға 2 доллар қарыз сұрап қалған едім. Мен оған қайтарымсыз берген ақшаларымды сұрап жатқан жоқпын ғой. Сен де түсінбедің сұрақты.
Сен де өз ағаңа көмектескің келмейтіндердің қатарынан емессің ба?
Сен сияқты інім болса көмектесер едім,  десең да..))
Қайталап айтам "Саған ешкім көмектесуге міндетті емес,бәріне өзің қол жеткіз!".Сосын біреуге қылған жақсылығыңды және біреудің саған қылған жамандығын ұмыт
Ал мен қайталап отырмаймын, бір ақ рет айтам -  Мен енді қазір ешкімнен көмек сұрап отырған жоқпын.  Адамдардың  адамгершіліктен шығып, жақсылықты  тез ұмытқанына ашуланып отырмын.  Сосын мен бәріне өзім қол жеткізіп қойғанмын, басқалардың да қолдары жетуіне  өзімен бұрын соларға көмек бергенмін,  бірақ оны міндет етіп отырған мен емес...Басыңа түскен кезде сен де түсінесің  оны.
"Мен оған қайтарымсыз берген ақшаларымды сұрап жатқан жоқпын ғой" дегеніңнен ақ сен туралы біраз нәрсе аңғаруға болады
О!  енді жөнге келдің.
...