0 дауыс
331 көрілді
Тапсырыс беруші – ҚР резиденті мердігерге – ҚР резиндентіне көрсеткен қызметтері үшін ақшалай қаражатты шетелдік банкке аударуына болады ма?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда, резидент заңды тұлғалар шетелдік банкпен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шетелдік банктерде банк (оның ішінде жинақ) шоттарын ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.

Сонымен, егер Сіздің контрагент Ұлттық Банкіне осындай шоттың бар екенін хабарлаған болса, онда шетелдік банкке ақша аудару үшін ешқандай заңмен белгіленген шектеулер жоқ.

...