Сен айтасың Нұх пайғамбардың қасында болғандай деп оның бәрі Құранда жазылып тұр Нұх пайғамбар – Исламда аса құрметтелетін пайғамбарлардың бірі. Нұх пайғамбар Аллаһның әмірімен пұтқа (Вадду, Сува, Йагусу, Йауку, Насру) табынып келген өз халқын бір Аллаһға сыйынуға шақырды. Біраз уақыттан соң адамдардың бір бөлігі оның насихатын қабылдайды. Сенбеушілер егер пайғамбар болсаң кереметіңмен бізді жазала деп қасарыса түсті. Осы оқиғаға байланысты діни аңыздар мен Құран Кәрімде Нұх пайғамбардың ақыры Құдайға жалбарынып, дінсіздерге қандай шара жасайтыны туралы медет сұрағандығы айтылды. Аллаһ Нұх пайғамбарға кеме жасап, өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуға бұйрық береді. Сенбеушілердің иман келтірген адамдарды аздыруынан қауіпсінген Нұх пайғамбар олардың қатаң жазалануын тілейді. Содан кейін «тандыр пештен қайнап шыққан су мен көктен саулап құйылған су» жер дүниені топан болып басады. Дінсіздер қырылып, Нұх пайғамбар кемесіндегі оның жақындары, оған сенгендер ғана аман қалады. Кемеге мінуден бас тартып, топан судан тауға барып паналамақ болған Нұх пайғамбардың бір баласы қаза болған. Кеме таудай толқын арасынан аман қалып, су қайтқан соң тау басына тоқтады. Бұл тау туралы аңыздарда әл-Жуди тауы деп айтылса, тағы бір аңыздарда кеме Арарат тауына, қазақ қисса-аңыздарында Қазығұрт тауының басына тоқтағандығы баяндалады. Нұх пайғамбар баласын апаттан құтқаруға тырысып қанша жалбарынса да, Аллаһ райдан қайтпай – діннен безген бала Нұх пайғамбар отбасынан біржолата аластатылады. Құран Кәрім аяаттарында Нұх пайғамбардың ғибратты өмірінен көптеген мысалдар келтіріліп (3:33; 4:163; 6:84; 7:69/67; 9:70/71; 19:59; 22:43; 23:22/32; 33:7;57:26, т.б.), «Бұл ең қасиетті әңгімелердің бірі. Біз саған соның сырын ашамыз» деген Нұх пайғамбар тарихы өз пайғамбарларына сенбей, Аллаһның қаһарына ұшыраған халықтар тарихының алғашқы буыны және ғибратты үлгісі болды, Құран Кәрім уағыздарының тарихи негізділігін дәлелдеуде жетекші қызмет атқарды. Нұх пайғамбар хикаяларында Меккедегі қасиетті орындарға байланысты бүкіл әлемді басқан топан су Меккедегі қасиетті жерге жайылмаған. Адам тұрғызған әл-Қағба көкке көтеріп әкетілген деп айтылады.[1]
Алла Тағала айтады:
إِنَّا أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَى قَوْمِهِ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
«Расында Нұхты ғ.с. еліне: «Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт»,-деп жібердік». («Нух», 1 аят)
Алла Тағала Нұх пайғамбарды ғ.с. халқына жіберген сәтте, адамдар пұттарға табынып күпірлікке түскен кез еді.
Құранда Нұх пайғамбардың ғ.с. халқы табынған бес пұттың есімі аталған. Ол: Уадд, Суағ, Яғус, Яғуқ және Наср.
Хақ Тағала айтады:
وَقَالُوا لا تَذَرُنَّ آلِهَتَكُمْ وَلا تَذَرُنَّ وَدًّا وَلا سُوَاعًا وَلا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسْرًا
«Кәпірлер: «Тәңірлеріңді тастамаңдар: Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар»,-деседі». («Нух», 23 аят)
Тарихшылардың айтуынша Нұх пайғамбар ғ.с. Ыдырыс пайғамбардың ғ.с. немересі және Адам атаның ғ.с. сегізінші буындағы ұрпағы. Анығы тек Алла Тағалаға мәлім!
Нұх пайғамбардың ғ.с. тарихы Құранның алты сүресінде баян етілген. Сол сүрелерде айтылғаннан төмендегіше тұжырым жасаса болады:
1. Нұх ғ.с. – Алла Тағаланың елшісі;
2. Нұхтың ғ.с. пайғамбарлығы табандылық пен сабырлыққа негізделді;
3. Қауымын дінге үндей барсыныда Нұх ғ.с. түрлі тәсіл қолданды;
4. Нух ғ.с. дінге шақырған сайын қауымындағы кәпірлердің қыңырлығыда ұлғая түсті;
5. Нұх пайғамбарға ғ.с. ергеннің негізгі бөлімі әлеуметтік ахуалдары төмен адамдар болды.осы себептен кәпірлер Нұхтың ғ.с. өзін әрі оған ергендерді мазақететін;
6. Пұттарға табыну – ауыр күнә әрі анық адасушылық;
7. Күпірліктеріндегі қыңырлығы себебінен кәпірлер өздеріне Алла Тағаланың қаһарын шақыра бастады. Яғни, Нұх ғ.с. оларға Хақ Тағаланың жазасы жайында айта бастағанда кәпірлер: - Айтқаның рас болса, онда Тәңірің бізге жазасын жіберсін! – деді;
8. Кәпірлердің иман келтіруінен күдер үзген Нух ғ.с. Алла Тағалаға былай деп мінәжат етті:
رَبِّ لا تَذَرْ عَلَى الأَرْضِ مِنَ الْكَافِرِينَ دَيَّارًا * إِنَّكَ إِنْ تَذَرْهُمْ يُضِلُّوا عِبَادَكَ وَلا يَلِدُوا إِلا فَاجِرًا كَفَّارًا
«Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбірін қалдырма. Егер қалдыр болсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады». («Нух», 26-27 аят);
9. Сонда Алла Тағала Нух пайғамбарға ғ.с. иман келтіретіндердің саны түгегені жайында хабар етті;
10. Алла Тағала Нұх пайғамбарға ғ.с. кеме жасауын бұйырды. Осыдан Нұх пайғамбар ғ.с. ағаш ұстасы болғаны млім болады;
11. Негізінде кеменің салынуы топан су болатынына ишара. Алайда, кәпірлер Нух пайғамбарды ғ.с. және оған ергендерді келемеждеуін доғармады;
12. Топан су мерзімі келгенде Алла Тағала Нұх пайғамбарға ғ.с. және оған ергендерге кемеде жасырынуын бұйырды. Сонымен қатар Хақ Тағаланың әсірі бойынша Нұх пайғамбар ғ.с. кемеге әрбір жәндіктің жүбін артты;
13. Нұх пайғамбардың ғ.с. әйелі мен ұлы кәпір болды. Осы себептен олар суға шөміп опат болды;
14. Топан судан адамзаттың аз ғана бөлігі аман қалды;
15. Құран аятында кеменің тұрақтаған орыны жайында айтылған. Ол – Жүди тауы. («Һуд», 44 аят) Дегенмен, ғалымдар кеменің тұрақтаған орынын нақты айтып бере алмайды. Анығы жалғыз Алла Тағалаға мәлім!;
16. Алла Тағала айтады:
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَى قَوْمِهِ فَلَبِثَ فِيهِمْ أَلْفَ سَنَةٍ إِلا خَمْسِينَ عَامًا فَأَخَذَهُمْ الطُّوفَانُ وَهُمْ ظَالِمُونَ
«Рас Нұхты ғ.с. еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар – залым еді». («Ғанкәбут», 14 аят)
Аятта атқанға сүйенер болсақ, Нұх ғ.с. қауымы арасында 950 жыл өмір сүрген болып тұр. Алайда, Алла Тағаланың «فَأَخَذَهُمْ الطُّوفَانُ» (Сол уақытта оларды топан басып алды) дегеніне сүйенер болсақ, бұл сөздегі «фә» харфы топан су Нұх пайғамбар ғ.с. дүниеге келіп, 950 өткеннен соң басталған тәрізді. Осыдан сұрақтуындайды: 950 жыл. Бұл Нұх пайғамбардың ғ.с. ғұмыр мөлшері ме әлде пайғамбарлық уақыты ма?
Анығы жалғыз Алла Тағалаға мәлім!
17. Алла Тағала айтады:
وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُ هُمُ الْبَاقِينَ
«Топан судан соң Нұхтың ғ.с. ұрпақтарын қалдырдық».(«Соффат», 77 аят)
Кейбір деректерге қарағандатопан судан соң тек Нұх пайғамбардың ғ.с. ұрпағынан ғана дүниеге нәресте келе бастады. Осы себептен де Нұх пайғамбарды ғ.с. «Әбул-башар», яғни «адамзат бабасы» деп атайды.
Тарихшылардың айтуынша топан судан кейінгі адамзат Нұхтың ғ.с. ұлдары Сам, Хам және Яфистен тараған. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша:
- Сам – араб, парсы және византиялықтардың бабасы;
- Хам – судандықтардың, копттардың және үнділердің бабасы;
- Яфис – түркілердің, қытайлардың, Яажүж және Маажүж қауымының бабасы.
Анығы жалғыз Алла Тағалаға мәлім!
Ummet.kz