+1 дауыс
1914 жылы болған тарихи оқиға?
08.09.2014 7.4k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.
08.09.2014
0 дауыс
Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.
08.09.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,989Қолданушы