0 дауыс
8.2k көрілді

Бұрында болған аңыз-әңгімелер бар ма?Маған бұрынғы билердің басында болған аңыздар бар ма?Керек еді әдебиет пәнінен.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Қазыбек би Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:

“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.

Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Төле би туралы аңыздардан
 
Үйсін Төле би мен Әнет баба
 
 
XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.
Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген.
Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.
 
 
БАЙДАЛЫ МЕН ТӨЛЕ
 
Атақты Ұлы жүз Үйсін Төле би Қуандыққа келіпті. Төле бидің жер жарған даңқын естіп жүрген Қуандықтың ел жақсылары жиылып келіп: "Сізбен құда болғымыз келеді, не қыз беріңіз, не қыз алыңыз”, - деп жабысады. Сонда Төле би: "Ұлымның бәрі үйленген. Бой жетіп отырған қызым бар, соны берейін. Қалың малы жүз жылқы, он бес түйе, бота мойын Жамбы!” – депті. "Құп болады”,- деп айтқан қалың малын, сол жолы бір жола беріп жібереді. Риза болған Төле би: "Қызымды бір жыл сақтайын: ендігі жылы осы уақытта келіп жесірлеріңді ал”, - депті.
Жыл өткен соң Қуандықтан қырық адам келінді аламыз деп Төле биге барады. Бұл екі ортада Төле бойжетіп отырған қызын бір бай өзбекке беріп, ұзатып жібереді. Одан көп мал, ақша алады. Барған Қуандық кісілеріне: "Ер жеткен баланы аңдып отыру қиын екен, қызым бір өзбек жігітімен қашып кетті. Келінді алам десеңдер Ташкенге барып, келіндеріңмен ауыз ба ауыз сөйлейсіңдер, болмаса, "игіліктің ерте-кеші жоқ” деген, бір келінім буаз, соған қараңдар”, - деп, сөз де, теңдік те бермейді, аяғына отырғызбайды.
Қуандық кісілері былай шығып ақылдасып: "Бұл қорлыққа шыдап болмас, Төле бидің жылқысынан жүз жылқы барымта алып қайтайық, сонда да он бес түйе, бота мойын жамбы қалып жатыр ғой! – деседі де, Төле бидің жылқысынан өздерінің берген жүз жылқысын санап алып еліне қайтады. Жылқышылар қуып, бұлармен соғысады. Бір соқыр жылқышы жиырма кісіні аттан түсіріп, бұларды әлсіретеді. Сөйтіп жүргенде жаңбыр жауып күн шытырлағанда әлгі мықты, соқыр жылқышыға жай түсіп өледі. Қалғандарын бұлар жеңіп, жылқыларын еліне айдап қайта береді. Бір жылдан кейін құн даулап Төле би Қуандыққа келсе, Абылай да осы елге келіп жатыр екен. Төле би соған жүгінеді. Абылай дауды созып кейінге қалдырады. "Ендігі жылы тап осы уақытта келемін, оған дейін екі жағың да сегіз-сегізден би сайлап алыңдар. Мен Төбе би боламын”,- деп Төле биді еліне қайырып жібереді. Төле би еліне барып сегіз биді сайлап алып, жыл өткен соң Қуандыққа қайта келеді. Абылай да келіпті. Қуандық ұмытып, би сайламапты. Асығыста жеті би тауып бір би таба алмай , енді үш күнге Абылайдан мұрсат сұрайды. Абылай береді. Ал бұл арада Төле би "жылқышымның құны екі мың жылқы” деп құн дауын даулап бір мың жылқыны Абылайға бермек болады. Мұны Қуандық сезеді. Жеті би күнде кеңес құрады. Бұлардың сөздерін он екі жасар, асық ойнап жүрген Байдалы есітеді. Бір күні жеті бидің қасына келіп сөздерін тыңдап тұрса, Төле биді сөзден жеңе алмаймыз, оның үстіне бір биіміз кем. Осы дауды өршітіп алмай екі мың жылқысын беріп біту керек деген қорытынды байлауға тоқтайды. Мұны естіп тұрған бала: "Ағалар, бұларың дұрыс емес, Төле бидікі зорлық. Зорлыққа төзіп болмайды. Сегізінші бидің орнына мені алып барыңыздар. Төле бимен мен сөйлесіп көрейін, есе алмасам, есемді жібермеспін, мені баласынбаңыздар! Біздің ісіміз ақ емес пе, аққа алла жақ дейтіні қайда? – депті.
Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық билері жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай кім сөйлеседі дегенде, он екі жасар Байдалы:
- Мен сөйлеймін. Аймен аталас емеспіз, күнмен баталас емеспіз бұлтпен туысқанымыз жоқ, сол күнгі жауған жаңбырға жақындасып жуысқанымыз жоқ. Құдайға шықпағыңды шақ дегеніміз жоқ. Құрығын сүйрете алмай жүрген Үйсіннің соқыр жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз жоқ. Еліңде талай қасқа мен жайсаңдар жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан алған құныңды көрсет, Төле би? Құдайдан құн алмасаң, мен де құн бермеймін. "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген. Дұрыс төрелігіңді айт, Абылай! – депті.
Күштііііііііііііііііііііііііііііііііі
Белгісіз
))))))))))!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!1
0 дауыс

Мен негізі аңыз-әңгімелерді онша оқымаймын. Сізге тауып, іздестірген едім. Қарап көріңіз::: Мен іздеген нәтижелер.

0 дауыс
Үйсіндер туралы аңыз керек еді.
...