0 дауыс
Жер бетіндегі барлық жүйе  өтіріксіз тек шындық арқылы өмір сүрсе не болар еді?
01.06.2016 1.2k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Абсолютті шындық деген бар нәрсе. Тек шындық жүйесі болса әлемде әділетсіздік болмас еді. Бұл дүние соғыс алаңы болғансоң біреулер шындық ақиқаттың жақтасы, біреулер өтірік адасушылықтардың жақтастары. Ақиқатпен адасушылықтың соғысы заманның ақырына дейін жалғасады.
02.07.2016
үздік деді
Тек шындық қана болатын болса, прогресс тоқтап қалады , м.....  Сондықтан шындық пен жалғандық ұдайы күресуде болу керек сияқты, өмір өзі сондай күрестен тұрады.  Яғни жалғандық болмаса шындықтың да  құндылығы дей ма, болымысы дей ма, сол жоғалады.
Ия, заманның әуелінен бастап күрес әлі жүріп келе жатыр. Тағыда бір сөз барғой мынадай "Әлем жақсы адамдардың арқасында тұр". Жақсы адамдар, жақсылықтың арқасында әлем жойылып кетпей тұр деген пікірдемін. Бір қарама қайшы антоним сөздерді байқап отырмын: "жақсылық-жамандық" "ақиқат-жалған" "ақ және қара" "нұр және қараңғылық" деген секілді. Осы тақырыпты кеңінен ашып талқыға салу керек еді, достым. Өзім ислами көзқараста болғансоң тек ислами көзқарас бойынша жазатын болам.
0 дауыс
Абсолютті шындық деген жоқ. Біреудің шындығы біреуге жалған.

Сондықтан сіз айтқан "тек шындықпен өмір сүру" - шынайы өмірге сәйкеспейтін тіркес.
27.06.2016
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,973Қолданушы