+2 дауыс
2.0k көрілді
Сіздерде өмір сүргілеріңіз келмей кететін сәттер бола ма?Өмір сүргім келмей кетті қалай бірнеше жылға жоқ болып кетуге болады немесе тез әрі оңай өлудің жолын айтыңыздаршы  .өтініш

18 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Құдай адам баласын өмірге қиындықты адал жолмен жеңу үшін жіберген
+1 дауыс
Әр адамда сондай қиын кездер болады. Осы қиындықтан шығу сенің қолыңнан келеді, тек өзіңе сен! Есіңде болсын мына әлемге сенде, менде керек емеспіз. Біз бар болсақта, жоқ болсақта айналамыздағы әлем өзгермейді, біз мұңайсақта, қуанышты болсақта оған бәрі бір!

90 ға келген қарттар өмір сүргісі келіп жатса сенің бұлай айтуға тіптен хақың жоқ!
+1 дауыс
Бәріміз пендеміз ғой, пенделікке салынып болмашы қиындыққа бола өмірден түңілеміз, бірақ жақсылап ойлансақ өмір өте керемет. Бірінші ойланып көр не үшін өлгің келеді? Біреу ренжітті ме? Ол адам неліктен ренжітті, әрине сенің қамыңды ойлап қатты кеткен болуы мүмкін. Жігіт үшін бе? Жігіттер көп қой, өмірің әлі алда, керемет жігіттерді кездестіресің талай. Тұрмыс жағдайың қиын ба? Мұның бәрі өтер, кетер. Қалаған оқу орныңа түсе алмай қалдың ба? Мұңайма, оқуды болашақта да оқуыңа болады, оқымай-ақ бақытты болуға болады.. Бастысы себебін анықтап, жақсы жағынан қарауға тырыс, шыда, ешқашан берілме, алға ұмтыл..
+1 дауыс
Досым неге өмірден түңілесің? Қайта өмірге келгеніңе, аман-сау жүргеніңе шүкіршілік етсейші. Мына өмірде денсаулығы нашар қанша адам бар айтшы. Сен қайта солардан үлгі ал. Олар әрқашанда алдыға ұмтылады. Көзі соқыр қанша адам бар, өмірді, табиғатты бір көрсем деп армандайды. Аяқ қолы жоқ адамдар ше, олар өз аяғыммен қара жерді бір бассам,- деп армандайды, қол жоқ адамдар бір қасық тамақты өз қолыммен жесем деп армандайды. Бірақ олар өмірге өкпелемей, сол сынақтарға төзіп алдыға ұмтылады. ДОС СЕНІҢ ЖАҒДАЙЫҢ ШЕ, ОСЫЛАРДАН ЖАҚСЫ ШЫҒАР. Қазақта мақал бар " 1 байлық денсаулық",- деген. Менде өмірден кейде түңілем, бірақ керісінше алдыға мақсат,жоспар қойып соған жетуге ұмтылам. Аллаһқа сенім артам. Сен өлсең бәрібір қайғы-мұңың жеңілдемейді. Бұны суицид ғалымдары дәлелдеген. Өзін-өзі өлтіру үлкен күнә. Керісінше осы өмірде ажалың жеткенше Аллаһқа құлшылық жасап, келесі жәннатқа баруға қамдан.) менің айтарым осы аржағын өзің шеш.
ия дұрыс айтасың мен де қиналған да ойланам ; қой мұным ақымақтық менің де жағдайыма жете алмай жүрген адамдар барғой аяқ  қолы жоқ олар да бұлай жыламайды ғой мен не үшін жылаймын деп
Белгісіз
+1 дауыс
Суицид- бұл эгоист пен атеисттің өмірден түңілгенде баратын амалы.Себебі олар 9ай өзін ішінде көтерген анасын да,осы күнге дейін қорған болып келе жатқан әкесін де аямайды.Әрі Алладан да қорықпай,берген өміріне қиянат жасайды.Саған айтарым психолог н/е имам мен осы жайында әңгімелес.Ешқашан ұмытпа бұл жәй өткінші нәрсе,ертең бәрін ұмытасың,сөйтіп түк болмағандай жүретін боласың.Алла саған сабыр берсін.
+1 дауыс
Депрессия - өтпелі кезеңнің белгісі. Адам өмірінде түрлі өтпелі кезеңдер болады. Ол жас ерекшелігіне сәйкес, ортаға сәйкес, өмір сүру деңгейіне сәйкес, түсінікке, көзқарасқа т.с.с. сәйкес бір (немесе бірнеше) баспалдаққа көтерілу немесе түсу. Осындай сәтте мықты болу керек. Бір көріп, сол жерде шешім шығара салмаңыз, түсінуге тырысыңыз. Анығына көз жеткізіп үйреніңіз. Бұл ең алдымен өзіңізге, сосын айналаңызға пайдалы. Еге осы мәселені реттемесе, адам өмір бойы осы проблема үшін қиналып өтеді.

Меніңше, адамдардың батып сөз айта алмауы, шындықты мойындата алмауы (әрине дөрекі түрде емес), біреулерге үнемі көмектесе алмай қиналып жүру себептері, белгісіз себептермен ұялу, белгісіз себептермен көңілі қаласа да, жасауға әрекеттенбеу себептерінің көбі адам иллюзиямен шешім қабылдап, нақты фактті түсіне алмауында деген ойдамын.
+2 дауыс
Құран,хадис оқыңыз!
+1 дауыс
Иә менде де болды ондайжағдайлар кезінде бірақ,кезінде дегенде менің мектеп оқушысы болып жүрген кезімде,яғни  ол кезде әр нәрсені көңіліңе ала бересің  және ата - анаңның қасында жүргенсінбе ерке болып еш нәрсенің мән жайына бармай жылап өмір сүргім келмейді деп үйді шыр пыр қылатын мінезім болатын )) ол кезде енді қасыңдағы құрбыларыңмен ренжісіп қаласын немесе үйдегі адамдамен ренжісесін болмаса 11 сынып оқып жүргенде жігітіммен ұрсып жылап жүретін кездерім болды... Ал кәзір , кәзір өмір өзгертті мен басқа қалаға арман қуып студент болып кеткелі біраз нәрсе өзгерді соның ішінде мінезім , қазір бұрынғыдай емес басыма түскен жағдайларға басқаша көз қараспен қараймын , тіпті өскен сайын проблемалар да ұлғая түседі  екен ал сен соның бәріне шыдай түседі екенсің , ал айтшы өмір өзгертпей қайда барсын егер сен басқа қалада қиналғанда басыңнан сипайтын адам болмаса жылап жүре берсең кім боласың ? міне осындай кездер де тек сен өзің ғана өз өзіңді жұба та білесің , өмір деген ол қызығы мен шыжығы мол қызықты дәурен оны әдемі сүру сенің қолында , айтадығай жизнь это - игра , играй красиво деп , сол сияқты ... өйткені мен түсіндім бүгін жылаған кезің ертең жылайтын жағдайыңа қарағанда тәуір болып келеді сосын кейде қиналғанда ойлаймын ее оданда кешегі жылағаным бұл жағдайға қарағанда бақыттырақ екен ғой неге мен сол кезде жыладым екен деп , нағыз жылайтын зат мынау екен ғой деп , сондықтан көп болса 1,2 күн тын болмаса 1 жеті қиналарсың вот сондай қиналып жүрген кезіңде саған айтар ақылым өзіңді сабырлы ұста он жерден жылап қайғырсаң да ақымақтық жасап қойма айтпесе артынан өкінесің , бұл кез өтет те  кетет ал істеген істерің солай жадыңда қылып қояды
0 дауыс
барлыгынызга  рахмет !!!!!!!
0 дауыс
неге омир сургин келмейди
+1 дауыс
Ойыңа келгенді істе. Өл, мейлі. Себебі, сен ӨЗІҢДІ ғана ойлайтын жансың! Артыңда аңырап ата-анаң қалатының, жақындарын барын ойлап отырған жоқсын! Олардың жағдайы не болары сені қызықтырмайды да. Сондықтан, сенің де керегің шамалы мына әлемге, бара бер. Боссың!

Жап-жас болып айтып отырған әңгімесін...
+1 дауыс

Астанадағы Назарбаев университетінде белгілі бір психолог дәріс жүргізіп жатады. Дәріс қызып, аудитория тұтас ұстаз сөзіне ұйи бастағанда, профессор қалтасынан 1000 теңге шығарады да, жоғары көтереді. Сұрайды, «мынау ақша кімге керек?».

Аудиториядағы 200-дей тыңдаушының бәрі қолдарын көтереді. «Жарайды» дейді ұстаз, «мен қазір бұл ақшаны Сіздерге басқаша әдіспен ұсынамын». Осылай дейді де ол аудиториядан ақшаның кімге керектігін қайталап сұрайды. Жиылғандар бір кісідей қолдарын тағы да көтереді.

Осыдан кейін профессор мың теңгелік банкнотты асықпай еденге тастайды да, аяғымен мыжып, басып тұрып қайта қолына алады. Жерден көтерілген ақша лас, шаң жұққан, мыж мыж еді. Профессор аудиториядан қайта сұрайды: 

- Ал, бұл ақша кімге керек?

Аудитория қайтадан бір кісідей қол көтерді. Профессор оқыс жадырайды. Сөйтеді де сөйлеп кетеді: 

- Қымбаттыларым менің, жаңа ғана Сіздер өмірлеріңіздегі ең құнды

сабақтың бірін алдыңыздар. Мен бұл ақшаны жерге тастап, мыжып, табанға салып таптағанмен де Сіздер оны алғыларыңыз келді. Демек, ол әлі құнын жойған жоқ, ол әлі 1000 теңге! Ойлап көріңіздерші, біздің өміріміз де осы секілді. Біз кейде ағыстан шығып қалғандай, жағаға лақтырылған балықтай өзімізді керексіз сезінеміз. Бізді айналамыз лас, батпаққа тастай салады. Күнбе күн көзіміз көретін шындық осы. Дәл осындай сәттерде біз жаңағы 1000 теңгеліктей еденде жатамыз. Бірақ, біз ештеңеге қарамастан өз құнымызды жоғалтпақ емеспіз! Лас болайық, таза болайық, ақ, мейлі, қара болайық, бәрібір, бізді сүйетін адамдарымыз үшін, біз асыл қазынамыз! Бізді адам қылатын не істегеніміз емес, кіммен бірге жүретініміз емес, бізді Адам қылатын Өзіміз!

Аудиторияда шапалақ дауылы.

0 дауыс
мен озм олгенше озгени олтиру деген зверский инстинг те , негыласын олип
0 дауыс
менде де сондай жағдайлар болады. менде бір нәрсе қырсықты ма бәрі кері қарай кетіп қалады. Мысалы соткам істемей қалса міндетті түрде ноутбугім мен компьютерде бір проблема басталады. Бір сабағамнан бағам кем болса қалғандары да тура солай болады. бұл жәй қарапайым мысалдар. біреумен ұрсысып қалсам, үйдегілермен де, группадагылармен де ұрсысып қаламын. жығылғанға жұдырық бола түседі үнемі. ол кезде өмір сүргім келмей кетеді емес. басқа жаққа кетіп қалғым келеді. ешкім танымайтын жерге. содан амал жоқ ешкімге көрсетпей жылап, жылап, түк болмағандай жүре беремін. жылаған соң жеңілдеп қаламын. өйткені менің мәселем менен басқа ешкімге қажет емес.
ия өте дұрыс айтасың сенің бас қайғың ешкимге де керек емес , менде солай басқа танымайтын қалаға кетіп қалғым келеді
Белгісіз
осы бәріміз кеткім келеді дейміз. маған шынында да қызық егер кетсек басымыздағы мәселе ұмытылар ма екен. мен кейде бұл жақтағы тірліктерден емес адамдардан қатты көңілім қалып, басқа жаққа кеткім келіп тұрады.
0 дауыс
Ойбай сен өрімдей жассың ғой не болды өмірден түңілетіндей?.Анаң сені дүниеге әкелді ал әкең сені әке жылуын берді әке шешеңді жылатқың келеме олар сені қимай қоштасып жылайды емеспе? әке шешеңді аясаңшы!, ал саған Алла саған өмір сыйлады,өз өзіне қол жұмсасаң Алла саған ең ауыр жаза береді.

Болмайды өмірден түңілме...........!!!!
...