0 дауыс
18.6k көрілді
Димедролдан басқа қандай дəрі бар ұйықтататын дәрі аттары қандай?

1 жауап

0 дауыс
. Ұйықтататын дәрілерге барбитур қышқылының хим. құрамы әр түрлі препараттары — барбитал, фенобарбитал, барбитал-натрий, барбамил, этаминал-натрий, циклобарбитал; пиперидин туындылары (ноксирон) және алифатты дәрілік препараттар (хлоралгидрат, бромизовал, т.б.) жатады. Тыныштандыратын дәрілік заттар (бромидтер, шүйгіншөп препараттары, т.б.) да ұйқыны қалпына келтіруге әсер етеді. Бұл дәрілер адамның эмоц. қозуын, мазасыздануын басып, терең ұйқыға кетуіне жағдай жасайды. Ұйықтататын дәрілердің көмегімен ұйықтау мен табиғи ұйқының арасында үлкен айырмашылық бар. Ұйқы келтіретін дәрілік заттар ұйқының арнайы бір фазасына әсер етуі нәтижесінде, оның физиол. ауысу мезгілдерін бұзады. Мыс., барбитураттар ұйқыны тез келтіргенмен, ұйқының ұзақтығын қысқартады. Егер Ұйықтататын дәрілерді ішпесе, адамның тез ұйықтап кету фазасы ұзарады, осыған байланысты адамда ұйқысыздық сезімі күшейіп, әр түрлі жаман түстер көру көбейеді. Ұйықтататын дәрілерді пайдаланудан бұрын ұйқының бұзылу себебін анықтау қажет. Егер науқас тез ұйықтап, бірақ өте ерте оянатын болса, ұзақ мерзімге әсер ететін барбитал, фенобарбитал; қиналып, көпке дейін ұйықтай алмаса, бірақ ұйықтап кеткеннен кейін ұйқысы қалыпты болатын науқастарға барбамил, этаминал-натрий, ноксирон, т.б. беріледі. Ұйықтататын дәрілерді күн сайын қабылдау оның организмде жиналуына себеп болып, тұрақты ұйқышылдықпен қатар жүреді (қ. Кумуляция). Ұйықтататын дәрілерді ұзақ уақыт бойы қолдануға әбден дағдыланған адам дәрі ішпей ұйықтай алмайтын болады. Сондықтан қажетті тиімділікке қол жеткізу үшін дәрі мөлшерін көбейтуге тура келеді. Ал бұл Ұйықтататын дәрілерге патол. дағдылануға алып келуі мүмкін (қ. Нашақорлық). Ұйықтататын дәрілерді тек дәрігер белгілейді. Мұндай дәрілерді ішкенде өте сақ болған жөн, дәрінің мөлшерін өз бетінше көбейту улануға әкеп соғуы мүмкін. Ұйықтататын дәрілерді ішкенде түсініктемедегі ережелерді бұлжытпай орындау қажет. Ұйықтататын дәрілер дәріханаларда тек қана рецепт арқылы беріледі;
...