0 дауыс
322 көрілді
2 айлық баламның ұйқысын қалай ауыстырсам болады? Кеш түсуімен 10, 11 лерде қызым ұйқыға кетеді, күшене беріп оянып кетеді, колики кешке ғана қатты мазалайды,таңда ұйықтаймыз сөйтіп,іш ауруын қоцдырады дәрі,бірақ жел шығаруы өте қиын күшене беріп ұйқысы қашады

1 жауап

0 дауыс
Түнгі ұйқысыздықтың себептері бірнеше болуы мүмкін. Егер нәресте ауырып қалған болса, мұрны бітіп , ыстығы көтеріліп ұйықтай алмайды. Ұйықтаса да, тез оянып кетеді. Сырқаты жазылса ұйқысы қалпыны келеді қайта. Қарны аш болса да ұйықтай алмайды, сүтке тоймай қалуы деген сияқты. Қосымша тамақтар беру керек. Бөлменің ыстық немесе салқын болу да нәрестенің ұйқысын бұзады. Бірқалыпты температураны сақтау керек. Синтетикалық киімдермен жатқызбаған дұрыс. Іші ауырып ұйықтай алмауы да мүмкін. Түнде дұрыс ұйықтауы үшін, ұйықтатардан бірер сағат бұрын шомылдыру қажет, сонда жақсы ұйықтайды. Сол үшін кешке шомылдырып, кішкене жаттығулар мен массаж жасап, баланы біраз уақыт ойнату керек. Күндіз 2-3 сағат таза ауаға шығарып тұрса да түнде жақсы ұйықтайды. Дәрігерге апарып көрсетіңіз ең дұрысы.
...