0 дауыс
12.0k көрілді
Балаңызды ұрғаныңыз үшін ешкім сізге рақмет айтпайды. Өзінің баласын ұратын адамдар да басқа біреудің баласын ұрып жатқанын жақсы көрмейді.

Бала тәрбиесінде қатыгездікке бой алдырған адамдардың ұрып-соғуларына орын болмау керек. Оның салдары ешқашан пайдалы нәтижеге әкеп соқпайды.

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ОЗБЫРЛЫҚТАН ОЗБЫРЛЫҚ туады

«Жай ғана шапалақтың» тәрбиелік құрал ретінде келмейтіні айдан анық. Соғу балаларға да, үлкендерге де кері әсерін тигізеді. Озбырлыққа жауап ретінде озбырлық жасалады – бұл қалыптасқан жағдай. Кішкентай балалар да білдірмегенімен кек алуды ойлап тұрады. Сөйтіп жүріп ата-анасынан кек алады да. Мысалы арандату арқылы. Менің бір танысымның үлкен баласы осылай істейтін. Ол күн сайын унитазға дәретхана қағазын толтырып қоятын – күн сайын ата-анасы қолынан соғып қоятын. Бір күні шыдамы таусылған шешесі баласын қатты соқты. Дәл сол күні кешке унитаз тағы да бітеліп қалды.

Осындай жағдайларда ата-ана баласын соғамын деп те ойламайды. Сауалнама жүргізген кезде 67 % аналар мен әкелер соғу арқылы балаларын тәрбиеге шақырмайтынын айтты. Бірақ та 44,6 % жасөспірімдер жиі шапалақ жегендерін жеткізді, 30,8 %-ы бір рет болса да таяқ жегендерін естеріне түсірді. Тек 18 %-ы ғана оларды ешқашан ата-анасы соғып көрмегенінін айтты. Сөйтіп көптеген ата-аналар баланы ұру дұрыс емес деп санағанымен, қолдарына ерік беріп қояды екен. Сол үшін жиі өздерін кінәлі санайды екен. Аналар балаларын не істерлерін білмеген кезде соғатындарын айтты. Кей кездері өз шешелерінің немесе күйеулерінің: «Осындай тентектігі үшін оны жазалау керек» деген сөзінен соғады. Өзімізді тексеріп көрелік: қай кездерде біз өзімізді ұстай алмай қаламыз? Әдетте өзіміздің дәрменсіздігімізді сезінгенде ашу-ызамызды тіл алмаған балаға жаудырамыз. Ата-ананың кей кездері ашуланатыны – қалыпты жағдай. Осындай ыза болған кезде «жауыз» балаға қол жұмсағысы келетінін де түсінуге болады. Бірақ еш уақытта қабылдауға болмайды. Біз оны өзімізді ұстай алмаған кездері – «бар болғаны» жай ғана шапалақ болса да – кеудені күйдіре жөнелетін ұялу, қапалану сезімдерінен білеміз. Кейін не істейміз, кем дегенде кешірім сұраймыз. Ашу-ызаны ақылға басып үйрену қажет. Мысалы, мен ойша онға дейін санап тұрамын – ашу-ыза басылғанша санаймын. Менің бір танысым ашу-ыза басылып, күлкісі келгенше кір жуа береді екен. Бұндай кездері бөлмеден шығып кеткен де көмек болады.

Жиі бұндай ашу-ызаны жүйкеміздің жұқарып жүргені де ұлғайтады. Себебі күйеуімен ұрсысып қалды... Өмірдің машақаты әбден шаршатты, не істерімізді білмей тұрамыз. Осындай кездері өзімізді ұстай алмай қаламыз.

ТІЛ АЛМАЙТЫНДАРҒА назар аудару керек

Жанұя – өте нәзік құрылым. Әр мүшесі бір біріне әсер етеді, бір бірінің көңіл-күйін сезеді. Егер де үйде келіспей жатқандар болса, оны бала да сезеді. Ол қырсығып, қыңырланып, ата-анасының ызасын одан әрмен тудырады: ал олар болса енді бәріне де дәрменсіз болып отырады.

Әрине баланы ұруға болмайды дегеніміз тентек болған баланы солай жазасыз қалтыру керек дегеніміз емес. Белгілі шек қойып, соны сақтауды бақылап жүру керек. Шектен шығып бара жатса, тез қимылдау керек: тіл алмай қарсыласқанына қарамай көшеде қолынан ұстап жүру керек, басқа балалардың шашынан жұлатын екі жастағы баланы қанша қарсыласса да алып кету керек, мейлі жыласын. Ұрып-соққаннан осы дұрыс: мен баланы жәбірлеп қорламаймын – ол өзі түсініп тәртіп бұзғанынан өзі бас тартқанға дейін осылай жалғаса береді.

Үйден қашып кететін балаларға шешесі далаға тек қана үйден қашқанын қойса ғана шығатынын түсіндіруіне болады. Егер де болмай қашып кетсе, үйден енді шығармау керек. Олар келіскенге дейін осылай жалғаса береді. Дәл осы уақытта аналар баласының осы тәртібінің астарында не жатқаны туралы ойлануы қажет. Ата-анасына қырсықтыған көрсететін балалардың қайткенде де жасырын тілегі болады, мысалы, оларға ата-анасының балаға деген назар аударуы аз болуы мүмкін. Мысалы, осындай аналар бала күтушісі болып жұмыс істесе, өз балаларына уақыты тіпті жетпей тұрады. Сөйткенде де балаларымен ойнап, әңгімелесуіне уақыт табу қажет. Бұл балаларға ешқандай қыңыр көрсептей-ақ анасының назарына түсуге болатынын көрсетеді.
+2 дауыс
Қазақта түсінігінде бұл қалыпты жағдай ғой.Сіздің айтып жатқаныңыз бір жағынан дұрыс.Көп жағдайда ата-аналар баланы таяқпен артық қыламын деп,тыртық қылып жатады.Бұлай өскен бала тұйық және жасық болып келеді.Басқа жағынан қарасақ таяқтыңда бала тәрбиесіне берер пайдасы мол.Кейбір сөз ұқпайтын,тентек,есер балалар болады,оларды тек таяқ ұқтырады.Әкесінің ұруынан қорқып жаман нәрселерге,әдеттерге жоламайтын балалар болады.Барлық нәрсенің мөлшері болғандай мұндай нәрседе де артық кетуге болмайды.Баланың түсінігіне қарап әрекет жасау керек.
Тәрбие қамшысы атом бомбасы секілді болу керек. Қолдануға дайын екені көрініп тұруы, бірақ қолданылмауы тиіс.
0 дауыс
Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды дегендей, өз әке шешесі дұрыс болсын, дұрыс жолмен жүрсін деп ұрған ештеңе етпейді және бала кек сақтамайды. Өгей әке шешесі ұрса ол басқаша орын алады. Өзіміз таяқты жегенбіз сонда ған баратын жерімізді ойланып барсам таяты жеймізба деп ойланатынбыз, аяғымызды ойымызды таяқ тиятын жас кезде. ол өз кезегінде пайда мысалы жаман суға немесе терең суларға шомылуға кетеміз. бізді суға бамасын аман жүрсін деп ұрады. олай болмаса суға батып өлетін бедік.
+1 дауыс
Өткенде көршімнің төрт жасар баласын сабап жатқанын көріп жаным ауырды. Балақай үй алдында өсіп тұрған гүлдерді жұлып тастап кішкене бір тентектік жасаған екен. Оған ашуланған әкесі балапандай қорғансыз ұлын аяйтын емес. Осыған ұқсас тағы бір жайтты бұрын да көргенмін. Содан келіп ойландым, ата-аналардың бүгінгі мінезі өте ауыр, ашушаң келеді. Балаға бала деп қарамайды, мүмкін болса жағынан тартып жібергенді орын алған проблеманың шешуі деп біледі. Елден естіп жатамыз, бесіктегі баласы жылауын тоқтатпаған соң анасы жерге лақтыра салған. Лақтырғанда да қатты күшпен ұрған. Сәби мұндай соққыны көтерсін бе, жатқан жерінде қозғалмастан үнсіз қала береді…

Осындай оқиғалардан кейін сұрақ туады: Бұл күннің кей ата-аналары неге қатігез? Олардың осындай мінезде болуына жұмыстағы келеңсіздіктер себеп пе? Әлде жалақының аздығы, жағдайдың төмендігі ме? Мастықтың да кесірі өз алдына бөлек тақырып болуға жарап тұр.

Меніңше осы айтылғандардың түгелі дерлік балалардың еркелігін көтере алмауға басты себептер болып табылады. Әрбір әке-шеше лезде ашуға салмай, кішкентайдың тентектігін ескеріп, іштей түсіне білсе, қандай үйлесімділік болар еді. Жарайды, бала бұзық делік, алайда үлкендер кеше кішкентай болған жоқ па?! Ойланайықшы, баласыз өткен тірлік баянды болғаны ма?..
0 дауыс
меніде мамам ұратын кішкентайымнан бери.сол ушин каз жек корем анамды
0 дауыс
Ата-ана урсады, урады, бирак болмасын демейди гой..Ата- ана жэйдан жэй ура бермейди. Иа, дурыс болмай калса, жэйменен урмай ак айтуга болады гой деп ойлайтын шыгарсыздар. Бирак, бир рет истейсин, екинши рет истейсин, ал ундемеди екен делик, ушинши рет кайталай бермейсин гой. Ол енди адамнын санасына байланысты. Менин анам маган жэйлап тусиндиреди. Одан кейин онын умитин актайын дегендей, созин тастамай истеймин. Сондыктан, уру, урысу деген оте аз колданылады. Ал былай, тектен тек ура береди дегенге, оз басым нанбаймын. Арине егер де оздериниз шаршатып, тозимин битирген болсаныздар, бари де мумкин..Бул менин жеке ойым.
+1 дауыс

Баланы ешқашан ұруға болмайды ол бала содан кейін қатігез болып оседі жəне ата анасын жек көрып кеттеды

0 дауыс
Өйткені бала жылауы мүмкін
0 дауыс
Ата анам мені урады
...