+1 дауыс
2.0k көрілді

Адам баласы туылған кезде барлығы да осындай мейірімді болып туылады! Кейіннен неге осы қалпынан өзгеріп кетеді екен?

Адам баласы мейірім

5 жауап

0 дауыс
Адам өзгермейді оның бәрі адмның сана сезімі, адамгершілігі , тірбиесіне ,өміріне байланысты.
+2 дауыс
Ол былай,  мысалы: Жақсы мейірімді адамды белгісіз бір себептермен қателесіп түрмеге 20 жылға қамайды, Бірақ ол адам түрмеден түзеліп шықпайды, керісінше бұзылып қатыгез болып шығады.  Мына өмір де сол сияқты адамды  жүрген ортасына байланысты байқатпай бірте-бірте қатты өзгеріске ұшыратады.

Жақсы адамдармен арлассаң жақсы боласың, ұрылармен арлассаң ұры боласың, наркомандармен арлассаң  наркоман боласың, ішкіштермен арлассаң ішкіш боласың. Бизнесмендермен арлассаң сен де бизнесмен боласың.Спортшылармен арлассаң споршы боласың. Бұның бәрі сондай жолдармен өзгеріске ұшырағандар.    Сондықтан таңдау өз қолыңда, жақсы адамдармен жолдас болыңдар. жамандарға жоламаңдар!
+1 дауыс
Адам өмірге келгенде "ақ парақ қағаздай" таза күйінде келеді, бірақ айналасы, ортасы әсер ете келе ақ параққа қара дақтар түсіп қарая береді. Баланың өмірі, тәрбиесі ата анасына байланысты.
0 дауыс
Оның барлығы біріншіден тәрбиеңе, екіншіден ортаңа , үшіншіден өз санаңа байланысты.
0 дауыс
Он  қоянның  жанын да  жүрген  арыстан,  арыстан болып  шығады. Он  арыстанның  жанында  жүрген  қоян, арыстан  болып  шығады...
...