+2 дауыс
4.2k көрілді
Адамдар неге жастық құшақтап ұйықтайды?  Жастық құшақтамасам ұйықтай алмаймын неге? Біреулер мұны мейірім жетіспегеннен дейді рас па?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның ым-ишарасы, жүру қалпы, қалыпты және ұйықтап жатқан кездегі аяқ-қолының орналасуы тұлғаның психологиялық типін, сонымен қатар мінезіндегі ерекшеліктерді анықтайды. Ұйықтау барысындағы адам қалпы да көп нәрседен хабардар етеді. Әдетте адамдар ұйықтағанда ұзақ уақыт бойы төсектегі бағытын ауыстырып, аунай беруі мүмкін. Алайда оның ұйықтау уақытының ұзақ бөлігін қамтитын аралығындағы бағыты сол адамның қазіргі немесе өткен уақыттағы психикасын бейнелейді. Мәселен, тұлғаның терең ұйқы фазасындағы төсекте орналасуына қарап, оның барлық сырларын, қалауын және қорқынышын білуге болады. Егер де адам ұйықтау барысында жастық құшақтап жататын болса, онда бұл қорғансыздық сезімін білдіреді, басқаша айтсақ, бұл адамға жиірек қосымша мейірім, махаббат, сондай-ақ моральдық қолдау қажет болады.

Сондай-ақ терең ұйқы фазасында ұйықтаудың мұндай түрі адамның сабырлы және байсалды екенін, оны ашуландыру қиын екенін көрсетеді. Бұл адамдар мәселеге жан-жақты қарайтын, сәтсіздікке қорықпайтын, тығырықтан шығудың жолын білетін, барлығын ақылды және салмақты бағалай білетін болып келеді. Олар өз қалаулары мен мүмкіндіктерін және олардың бір-біріне сәйкестігін айқын біледі, айқын бағдарланған мақсат болады және оған қалай жетудің жолын таба алады.

Көбіне, адамдар жастықты құшақтап ұйықтаса, бұл оларға әдет болып қалыптасады. Алайда бұл жағдайдың  басқа да версиялары кездеседі. Онда мұндай адамдарды өзінің балалық шағымен қоштаса алмай жүрген  осал және қорғансыз ретінде сипаттайды. Табиғатынан мұндай адамдар сезімтал және импульсивті, көңіл-күйі жиі құбылмалы болып келеді.
+5 дауыс
Адамның терең ұйқы кезіндегі қимылдары,жату қалпы(ұйқтау позасы)-оның ішкі әлемінің көрінісі . Оған қарап адамның психолиогиясының және мінезінің ерекшеліктерін білуге болады. Егер терең ұйқы фазасында жиі жастықты құшақтап жатса , ол адамның өзіне деген сенімсіздігін немесе  көбірек қамқорлық,махаббат және моральдық қолдау кажеттілігін білдіреді .

Бірақ ешқашан адамның ұйқтау позасына қарап ол туралы қорытынды жасауға асықпаңыз! Кез келген жағдайда объективті ойлап,дұрыс шешім қабылдаған жөн.Себебі бұл ғылыммен расталмаған, жай ғана қимылдардың психологиясы.Бәлкім проблеманың барлығы төсекте немесе жастықта шығар !?
0 дауыс
Негізі жастықпен жатқан адамға ыңғайлы.
+3 дауыс
Білмедім ал... сотка құшақтап ұйықтағаннан гөрі жақсы сияқты.
...