0 дауыс
320 көрілді
Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің айналып өтуінің мүмкіндіктерін ескереді?

1 жауап

0 дауыс
Біздің заңнамада шетелдіктерге жерді жеке меншікке алу мүмкіндігін шектейтін тетіктер қарастырылған.

Мысалы, егер шетелдік жеке меншігіне жалған неке арқылы жерді сатып алуға тырысса, онда бұл неке заңсыз болып есептелінеді.

Ал егер шетелдік жеке меншігіне ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе қайталама нарықта жерді сатып алғысы келсе, әділет органдары бұндай жағдайларды тіркеуге қабылдамайды. Ал бұндай тіркеуден өтпеген жағдайда меншік құқығы туындамайды.

Осылайша, мемлекет тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, шетелдіктерге жер сатып алу туралы шектеу нотариуста келісім жасау кезінде белгілі болады.

Тіркеуші органдар немесе нотариус тарапынан осындай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда – құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғайтын болады.
...