0 дауыс
315 көрілді

Мен Алматыда Жоғарғы оқу орнында 1 курс студентімін. Менің мамандығым заңгер. Біз қазақ тобымыз. ҚР-ның заңнамаларына сәйкес қазақ топтарында сабақтар қазақ тілінде өтуі керек емес пе? Ал, біздің университетте барлық қазақ топтарына деде шынықтыру пәнінен қазақша мүлдем білмейтін, түсінбейтін апай сабақ береді. Ол апай айтып өткенімдей қазақша мүлдем білмейді, тек орысша сөйлейді. Ал менорыс тілін меңгермегенмін. Дене шынықтыру сабағында мен апайдың тілін түсінбеймін. Сосын апай маған аралық бақылауда 0 балл қойып қойды. Енді айтыңыздаршы заң бойынша қазақ топтарына дене шынықтыру пәнінен қазақ тілін меңгерген мұғалім сабақ беру тиіс пе? Немесе біз қазақ тобы бола тұра дене шынықтыру сабағын орыс тілінде меңгеруіміз керек пе? Алдын-ала көп рахмет! Осы мәселені тез шешіп берсеңіздер деймін. Менде университетте осы үлкен бір мәселе болып тұр.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...