0 дауыс
358 көрілді
Aliexpress ке мекен жай толтыруға көмек беріңіздерші?

1 жауап

0 дауыс

Сауда жасаудың қадамы алдымен AliExpress-тің сайтына тіркелуден басталады. Бұл кезде міндетті түрде назар аудару керек дүниелер бар. Тіркеуге қолданыстағы электронды поштаңызды сұрайды немесе әлеуметтік желілер арқылы, яки Google аккаунтыңызбен тіркелуді ұсынады. Біздің кеңесіміз: электронды поштаңызбен тіркелгеніңіз дұрыс. Бұл сізге келіп түсетін хаттарды тексеріп отыруға қолайлы. Құпия сөзді барынша қиындатып әрі ұмытып қалмайтындай ойлап табуыңыз қажет. Аты-жөніңізді латын қаріптерімен теруіңіз керек.

Тіркеуді аяқтағаннан кейін, поштаңызға кіріп активация жасаңыз!

Бұрын КСРО құрамында болған мемлекеттерде валюта рублмен көрсетіледі. Дұрысы: валютаны долларға ауыстырып алғаныңыз. Ол үшін басты бетте “Доставка” бөліміне басып, USD таңдаңыз.

AliExpress-те тауарларға төлем қалай жасалады?

Тауарларға Visa/MasterCard/Maestro, Wire transfer, WebMoney, Yandex.Money, Western Union, QIWI, DOKU, MercadoPago, Boleto, ban contact, TEF, Ideal, Giropay, Sofort Banking, Przelewy24, American Express арқылы төлем жасай аласыз.

Банк картаңызбен төлем жасайтын болсаңыз:

Жоғарыда айтқанымыздай, Visa, MasterСard және Maestro карталарымен төлем жасай аласыз. Ол үшін:
1. Төлем операциясы орындалатын бетте үш картаның бірін таңдап, оның номерін жазасыз. Картаңыздың алдыңғы жағында көрсетілген жарамдылық мерзімін және арт жағындағы үш санды тересіз. Карта иесінің аты-жөнін картада қалай көрсетілсе, тура солай жазу қажет. Соңында “Pay Now”, яғни “Қазір төлеу” шертпесіне басасыз.

Толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз.

...