0 дауыс
4.8k көрілді
Ораза кезде ерлі-зайыптыларға не рұқсат етіледі?

1 жауап

0 дауыс
Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтауға және аймалауға рұқсат етіледі. Айша (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын».   (Әл-Бухари, 1927. Муслим, 1/65).

Айшаның (Алла оған разы болсын) жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?», - деп сұрағанда, ол: «Жыныстық қатынастан басқасынын барлығы», — деп жауап берді. (Абдур-Раззақ, 4/190. “Фатхул-Бәри”, 4/183.)

Бұл хадистер ауызы берік адам, мұның соңы жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетінін аңғартып тұр. Ал, адам әлсіз болса, яғни, өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол мұндайдан тыйылғаны жөн. Шариғатта, «харамға апаратын нәрсе де харам!» дейтін маңызды бір қағида бар.
...