0 дауыс
3.8k көрілді
Жақын күндері ораза басталады. Ораза ұстаушыға қойылатын ең басты талаптар?

1 жауап

0 дауыс
Кез келген құлшылық қабыл болу үшін талап етілетін екі шарт бар. Бірі – Алла разылығы үшін болу керек, екіншісі – Құран мен сүннетке сай атқарылуы тиіс. Ең алдымен, оразамызды Алла разылығынан басқа нәрселерден тазартайық. Яғни, біз оразаны денсаулықты жақсарту немесе адамдарға жақсы көріну үшін емес, Алланың бұйрығы, Оттан қалқан болатындығы, Жәннатқа жеткізетіндігі үшін ұстаймыз. Оразаның сыртқы шарттары – таңнан кешке дейін ас пен судан, жыныстық қатынастан тыйылу. Адам ораза ұстағанда ішіп-жеуден ғана бас тартпайды, оның  тәні күнәдан, харамнан тыйылады. Көз тыйым салынғанға қараудан, құлақ өсек-аяң, жала, жаман сөз, өтірік естуден, қол арамды ұстаудан, күнә жасаудан, аяқ тыйым салынған жерге барудан, асқазан тамақтан, тіл өтірік пен ғайбаттан, ой жамандықтан, жыныстық ағзалар зинадан бас тартады.Яғни, мұсылман тек жақсы сөйлеп, оразасын бұзбауға барын салады.
...