0 дауыс
59.0k көрілді
Ораза кезде түкірік пен қақырық жұтуға бола ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ораза кезінде түкірік жұтуға рұқсат етілетіндігі жайында ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. ‘Ата: “Түкірікті жұту оразаны бұзбайды”, - деген.   (Әл-Бұхари. “Сахих”, 1/451).

Әдейі түкірігін жинап, кейін оны жұтып жіберсе де, ең дұрыс пікірге сәйкес, оның оразасы бұзылмайды. Алайда, бұлай істемеген дұрыс.  (“Әл-Муғни”, 3/106).

Ал, қақырықты немесе мұрын мен тамақтан шығатын қандайда нәрселерді  жұтуға келер болсақ, мұндайды жұтудың рұқсат етілгендігіне қатысты ғалымдардың пікірлері әр түрлі болған. Имам Ахмад пен әш-Шәфи’и қақырықты жұту оразаны бұзбайды деп есептеген.  (“Раддуль-махтар”, 2/101. “Әл-Муғни”, 2/43).

«Қақырықты жұту оразаны бұзады» деген пікір мұсылмандар үшін қиындықтар туғызады, ал шариғат мұсылмандардың жағдайын қиындатуды емес, жеңілдетуді қалайды. Құранда да, Сүннетте де бұған қатысты ешқандай тыйымдар жоқ екендігін ескеру  қажет.  (“Сахих фиқһу-с-Сунна”, 2/117).
...