+5 дауыс
376 көрілді
Жер мәселесі, Атыраудағы заңды түрде, әрі тыныш аяқталған шеру туралы естіген боларсыңздар!

Енді алдағы күндері фейк қолданушы(жалған), трольдардың білек сыбанып жұмысқа кірісетін күндері. Қолданушыларға жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіріп, дизинформация таратуға, сіздің эмоцияңызбен ойнауға тырысады.

Қарапайым мысал: Бүгін Ақтөбеде де көтеріліс болды. Ақтөбеліктер алаңға шықты деп Ақтөбе ФК-ның жанкүйерлерінің футбол ойынан кейінгі видеосын салды. Оны біздің көптеген қолданушыларымыз, бөлісіп, шынымен шықты деп ойлап жатыр. Жалған ақпарат беру арқылы сіздерді рұқсатсыз шеруге шығуға үгіттеп жатыр. Ол дұрыс емес.
Рұқсатсыз шеру заңмен қудаланып, нәтижесінде қарапайым халық зардап шегетіні анық. Белгілі бір топтардың көздеп отырған мақсаты да осы болуы мүмкін.

Естеріңізде болсын:
1) Кеше ғана тіркелген аккаунтқа сенбеңіз;
2) Фейсбукта 50-70 досы ғана бар болатын адамның жазбасына да, пікіріне де мән бермеңіз;
3) Адамның аты-жөнін көшіріп алып Google арқылы іздеп көріңіз. Ол қолданушы басқа әлеуметтік желілерде бар ма екен. Егер ол адам туралы ақпарат жоқ болса, міндетті түрде ол аккаунт - ФЕЙК!
4) Тіркелгеніне 1 жыл да толмаған, фейсбук парақшасында 1-2 ғана суреті бар болса ол да фейк қолданушы болу ықтималдығы жоғары;
5) Қандай да болмасын сурет, ақпарат, видеоны Google арқылы тексеріп алмай, бөліспеуіңізді сұраймын.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...