Басқа елдердің тарихын байқап қарасаңыз, қоғамның даму сатысына қарай гуманитарлық мамандарды қажет ететін кезең де, техника мамандарына деген сұраныс артатын кезең де болады. "Әуелі экономиканы дамытып алайық! Қарын тоқ болса қайғы жоқ емес пе?!" дейтін кезеңде техника мамандары үстем орынға көтерілсе, "Енді ақшаның соңынан қуып жүргенде қордаланып қалған қоғамдық мәселерді шешу керек!" дейтін заман келгенде гуманитарлық ғылымдардың қажеттілігі сезіле бастайды.