0 дауыс
10.4k көрілді

Өмірлік мұратына,белгілі бір жетістікке жетуде қандай адамның мүмкіндіктері мол болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Өмірлік мұратына,белгілі бір жетістікке жету үшін адамға ең қол жетімді мүмкіндік алдыңа мақсат қойып, соған жету үшін талаптану, себебі бұлар тегін,өз бойыңнан табылады. Әйтседе бұл аздық етеді, бұған қоса қаржы,білім, тұрмыстық жағдай сияқтылар болады. Міне осы мүмкіндіктерді саралай тура есеппен пайдалансаң алмас асу, жетпес арман болмайды. Біз көбіне осы мүмкіндіктерді тура есептей алмай шамамыздан тыс армандарға қол созамыз дағы күйзелістерге ұрынып жатамыз.Әрбір адамның өз орны болады.

0 дауыс

Кез келген адамның мүмкіндіктері бар. Біз Аллаға шүкіршілік етуіміз керек. Алдыңғы ұрпаққа қарағанда біздің жолымыз болды. Тап осылай еркіндікке шомылуға бүгінгідей жайлы жағдай бұрын-соңды ешуақытта болмаған. Әлем қандай шексіз болса, Жаратушының да байлығы сондай шексіз.  Ең бастысы – ала біл.

Өзінің бастапқы арманын ұмытпай, барлық қиыншылықтар мен кедергілерден өзінің ісінің түпкі нәтижесін көре алатын адамдар қайтсе де жетістікке жетеді. Өмірді көрген адамдар былай дейді: «Егер де сен өзіңің мүмкіншілігіңе сенімді болсан, онда осыған лайық шешім қабылдап, ойлаған ойыңды іске асырып, алдыңа қойған мақсатыңа қайтсең де жетесің!».  Ақылды адамдар жетерлік, бірақ жетістікке жетпеулерінің себебі мыналар: нақтылы мақсаты жоқ, шешім қабылдамайды, істі кейінге қалдыру, тәуекелге бармау.

Нақты шешім қабылдаған, өзіне сенімді адамды ешкімде тоқтата алмайды.

...