+2 дауыс
15.2k көрілді
Достар, айтыңыздаршы, сіздер қандай жетістікке жеттіңіздер?

Жетістік дегенде, тек спорттан атақ алу, олимпиададан жеңімпаз болу ғана емес, белгілі бір шет тілін үйрену, бірнеше айлық мақсат қойып соны бағындыру, кітап оқу, бизнес бастау, жасау, кәсіп маманы болу сияқты пункттерді жаза өтіңіздер.

Сонымен қатар, егер артыңыздан ерген жастарға, басқалар да біле жүрсін, пайдасы болар деген ниеттеріңіз болса, осы жетістікті ненің арқасында қалай бағындырдыңыз, сол туралы да жаза өтерсіздер. Алдын ала рақмет!

5 жауап

+1 дауыс
Менің жетістігім де, алға қойған мақсатым да - тіл, тіл үйрену. Ағылшын тілін біршама білемін. Мектептен үйренгенім бар, интернеттен қарағаным бар, бәрін де дәптеріме түртіп аламын. Тіл үйреніп аудармашы болып, өзім армандаған елдерге барғым келеді. Міне жетістігімнің бастауы осы.
тамаша   маған ұнады!
+2 дауыс
ҰБТ-дан 100 балл алдым )))
+1 дауыс
Менің ең бірінші жетістігім алтын белгіге үміткермін!Анамның мақтанышы,ағамның сүйіктіде сүйкімді қарындасы,әпкемнің сырласы,досы аяулы сіңілісімін,ініммен сіңілімнің ардақты әпкесімін! Республиклық Мұқағали оқуларының гранпри жүлдегерімін!Ал бұл жетістіктер әлі маған аз!Кәзіргі таңда октрисалыққа дайындалып жүрмін шығармаларды,әңгімелерді обрзға кіріп оқығанды ұнатам! Ал мен қандай жетістікке жетсемде бірінші алланың қалауы екінші жақындарымның қолдауы үшінші аяулы ұстаздардың төртінші өз еңбегңімнің жемісі деп білем!
+3 дауыс
Менің жетістіктерім:біріншіден ҰБТ дан өз ойымдағы балды жинадым.Бұл мен үшін үлкен жетістік.Себебі мен енді ата-анама масыл болмайтын болдым!Екіншіден мен кітаппен дос болып,оған бауыр бастым.Бұл да мен үшін үлкен жетістік.Себебі кітап маған өмірдің не екенін түсіндірді,әлі де ұқтырып келеді.Ал өмірдегі ең басты жетістігім бұл-мешітке бас сұғып Алланы,Исламды тануым деп білемін.Себебі Ислам мені отанды,ата-ананы,әділдікті сүюге үйретті.Білім алуға,кітап оқуға шақырды.Міне,әзірге менің жетістіктерім осы.
керемет жетістік!
0 дауыс
Менің ең басты жетістігім- Назарбаев Зияткелік Мектебіне түстім. Осы мектепке түсу үшін талмай 2 жыл еңбектендім. Конкурс қиын болды, 1600 үміткер тапсырды. Соның ішінде тек 80 бала түсті. Соның ішінде мен бармын.
...