Өмір туралы өлең
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…
(Мұқағали Мақатаев)
«Өмір» не?
Қатал тағдырға бағынбай, еркіндікті аңсаймын,
«Өмір» деген әлемнің тек жақсысын қалаймын.
Қол жеткізбей өткен алда әлі талай бар арман,
Сол арманға жетудің күндерін аңсап, санаймын.
Қадірін ата-ананың дер кезінде түсінбедім,
Махаббаттың өмірдегі адал орнын білмедім.
Біле тұра істерімнің жақсысы мен жаманын
«Босқа өмірің өтіп жатыр» дегенге мен көнбедім.
Бұл жалғанда қадамыңды баса біл нық сеніммен,
Сенім болса, өмірің де өтер ізгі ниетпен.
Адалдықты насихаттау – алға қойған мақсатым.
Ей, бауырым, егер соны ойға тоқып, түсінсең....
Қайта келмес қателерді кешіре гөрші, Жаратқан!
О, Тәңірім, қол ұшыңды бере гөрші, сұранам!
Енді білдім, енді түсіндім, бәрін енді ұқтым мен –
Тағдыр деген –өмір ғой, көз алдыңда зымыраған.
Шынында да, өмір деген – шыңдағы бір биік тас,
Таба білу осы өмірден өз орныңды қиын, рас...
Бірақ сонда да үміт үзбе, адал жолға түсе біл,
Мақсатынан қол үзген жан еш нәрсеге жете алмас!
«Өмір мәңгі қатал» деп, жамандыққа бой ұрма,
Ішкі жаның сыр ақтарар, шындығың да, ойың да.
Тек «ақиқат» билік етер әділдікті, бәрін де,
Жақсылыққа қастандықпен, жамандықпен бұйырма!
Пенде көп қой бұл өмірде өмір кілтін таппаған,
Табу түгіл, осы өмірдің есігін де қақпаған -
Мақсатынан түңілген жан бәрінен де құр қалар
Жамандықты бойына тоқып, тек өсекті қақсаған.
Уа, адамзат, тыңда мұқият! Құлақ сал менің сөзіме:
Жамандардың артынан үлгі іздеп тек ерме!
Құлшылық ет Жаратқанға, қолында ғой Тәңірдің
Осы өмірің, тағдырың да, тіршіліктің бәрі де!
«Өмір» деген – Алланың баға жетпес сыйы бұл,
Қадірін ұғып, қажеттісін бойыңа жиып, түсіне біл.
Қылған іске өкінбей, арманыңа жету үшін
Досқа – берік, жақсыға – серік, ақ пейілді адам бол!
Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?