+1 дауыс
4.8k көрілді
1. Тыныш өмір сүргің келсе – сенен сұрамаған жақсылықты жасама. Әйтпесе, құтқарушы атанып, тағдырдың үштағанына (қуғыншы – құтқарушы – құрбандық) түсесің.
2. Өмірдің үш тұғыры бар: өзгеріс, таңдау және ұстаным.
3. Қиялыңызды ұштап өмір сүріңіз, өмірді өткенмен өлшей бермеңіз.
4. Өзіңді кінәлі сезіну сананы тоқыратады.
5. Өмірдің - 10% болған жағдайдан және 90% болған дүниені біздің қалай қабылдайтынымыздан тұрады.
6. Данышпан басында істейтінді ақымақ соңында жасайды.
7. Біздің өмір әркез адамдарға пайдасын тигізеді. Не үлгі боламыз, не сақтандырамыз.
8. Бүгініміз жарқын болған сайын өткен өмір соғұрлым тез көмескілене береді.
9. Ешкім екі рет өмір сүрмейді. Бір рет те өмір сүре алмай кететіндер қаншама...
10. Өмір – мұхит. Асау толқынмен жүзген қиын. Әлсіздер батып кетеді. Сол жақ тыныш.
11. Құлаштап өмір сүру қарғысқа айналуы мүмкін, қарыспен өлшенген өмір баталы болуы ықтимал. Өмірдің бар кілтипанын бірден шешу мүмкін емес. Бүгінге керегін шешіңіз. Қазіргі қайғыны еңсеру ғана маңызды.
12. «Bell Far Niente» деген сөз «ештеңе істемеудің рахаты» дегенді білдіреді.
13. Құлау – өмірдің ажырамас бөлігі, аяққа тұру – өмір сүру. Тірі болу – бұл сый, бақытты болу – сіздің таңдау.
14. Тұлға – су бетіндегі қолтаңба. Әлі қол қойып үлгермедің. Ал, қолтаңба жым-жылас.
15. Басыңа не түссе де, ештеңені жүрекпен қабылдама: өмірден бәрібір тірі құтылмайсың.
16. Өзге жанмен басы бүтін жіпсіз байлану үшін алдымен өзіңізбен байлынысыңызды танып алу шарт. Жалғыздыққа бойұсына білмесек, өзгені қалқан етіп пайдаланамыз.
17. Өмір үшін күрес немесе күреске кеткен өмір – таңдау өз қолыңызда.
18. Егер үлкен торға аш арыстанды, адамды, маймылды, итті қосып кіргізіп қойса, бірінші болып адам желінері сөзсіз.
19. Сараңдық пен бақыт ешқашан бетпе бет кездеспеген. Олардың бейтаныстығы ешкімді таңдандырмайды.
20. Өмір деген поэзия. Ол базардағы пұл емес. Пайдалы болғыңыз келсе, сізді пайдаланады. Лайықты қамыт кигізеді, өйткені әлем іскер адамды шеттетпейді.
21. Адам жылайды, не күледі. Жылаудың орнына күлуіңіз мүмкін еді, ол таңдау өз қолыңызда.
22. Ішкі қуат – өзгенің әуезін сыйлай алу, бірақ өз әніңе билеп, өз үйлесіміңді тыңдау.
23. Тез жетілген жеміс ұзақ сақтауға келмейді.
24. Тәңір көреген, бірақ жаманаттан аулақ.
25. Тек жүрек көзі ғана қырағы. Ең керекті дүниені көзбен көре алмайсың.
26. Желді еккен, дауылды орады.
27. Бақыт бәріне күліп қарайды. Бірақ кей адамның қарсы алдынан шықса, кей адамның арқасынан қарайды.
28. Ғұмырдың ұзақтығына адам түк қыла алмайды. Алайда, оның тереңдігі мен ендігіне әсер ете алады.
29. Тәжірибе – шаштан дым қалмаған кезде өмір өзі сыйлайтын тарақ.
30. Өмірде тікен көп, бірақ олардың үстіне отыру қажеттілігі жоқ.
31. Қанатсыз тусаңыз, өсуіне кедергі келтірмеңіз.
32. Тәкәппар көрерменнен гөрі терлеп-тепшіген ойыншы өмірден мейлінше ләззат алады.
33. Жолыңызда ереже айтқыш уағызшы кездессе, газды аямай бас.
34. Адам өмірінде екі трагедия орын алуы мүмкін. Біріншісі, шын қалаған нәрсесіне қолы жетпеуі. Екіншісі, соған қол жеткізуі.
35. Өмірдегі жақсылықтың бәрі не заңсыз, не адамгершілікке жат, не семіздікке соқтырады.
36. Егер қарғыбауыңда арыстаның болмаса, ұйықтап жатқан иттің мазасын алма.
37. Кей кезде жынды бола салу - зор көрегенділікке жатады.
38. Кейде бұл дүниеде өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Бірақ өмір сүретін басқа жер жоқ.
39. Адамдар аяғын тауға емес, төмпешікке ұрып сындырып алады.
40. Өмір шынында да өте қарапайым. Бірақ біз оны күрделендіруге барымызды саламыз.
Аударған Шынар Әбілдә

Сіз де өмір туралы қандай ой қоса аласыз?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір туралы айтылған, жазылған толғаныстар аз емес. Өмір дегеніміз не? Оның нақты анықтамасы жоқ. Себебі, әр адамның санасында сан түрлі түсінікке ие. Өткенге көз жүгіртіп, өз заманының даналары өмір мен уақыт туралы не дегенін оқып көрелік…
Өмір дегеніміз – күрес. К.Маркс
Өмір – мұхит, уақыт — толқын. Абай
Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол — тіршілік арқауы. Б.Франклин
Өмірдің шарты – күрес. Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды. В.Г.Белинский
Адамның өмірі уақыттан үнемдеген істерімен ұзарады. Ф.Коллиер
Уақыт – қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты. Өйткені біз нені болса да уақыт арқылы аламыз. Я.Райнис Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі — уақыт пен төзімнің жемісі. О.Бальзак
Зая кеткен әрбір сәт — істелмеген іс, түспей қалған пайда. Ф.Честерфилд
Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. Ж.Бюффон
Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. Абул-Фарадж

Ұқсас сұрақтар

...