0 дауыс
2.0k көрілді
Қазіргі уақытта шын махаббат болуы мүмкін бе?

2 жауап

0 дауыс
"Маxаббатпен жаратқан адамзатты" деп А.Құнанбаев атамыз айтып өткендей, маxаббатсыз өмірдің мәні болмайтыны белгілі. Маxаббат болмаса, бұл сезімнің әр түрлі формаларында орын алатын жағдайлар (асыл адамы үшін жанын пида ету, ақымақтық жасау, т.б.) болмас еді. Қазіргі таңда маxаббат десе, көпшілік адамдарда жігіт пен қыздың арасындағы сезім еске түседі, осыған байланысты сөздің қадірі кетіп қалғандай. Олай айту себебім, маxаббаттың бұл формасын өзіне ұқсас құбылыстармен (ұнату, ғашық болу, үйренісіп қалу) шатастырып, адамдар бір-бірін түсінбей жатады. Мұндай маxаббатты шын жүректерімен сезініп, бір-бірін ықыласпен жақсы көргендер бар, және жай сөйлесіп жүріп, ұнатып қалып, кейін кикілжің шығарып, проблема жасайтындар да бар. Мұндай маxаббат болғаннан болмай-ақ қойсын, ондай жасанды сезім құрып кетсін!!!

Маxаббат деген - ол ата-анаңнан жырақта жүргенде олардың жылы сөздерін естуге зәру болу, ыстық алақандарымен бетіңді ұстап, құшақтағанын аңсау, және олармен бірге еш нәрсеге алаңдамай жанында жүрген кездерді еске түсіргенде еріксіз көзге жас келетін сезім.

Маxаббат деген - тәтті бүлдіршіндерді көргенде, олардың пәк жүректерімен сені "жақсы көрем" деген кезде, тұла бойыңды шымырлатып, жәндік жүріп өткендей күй кешетін, олар үшін қалағанын жасауға дайын тұратын, мейірімділік пен ізгілікке толы сезім. Осы аталып өткен күйді өз өмірінде сезінгендер жігіт пен қыздың "сенсіз өмір сүре алмаймын" деген сөздерін естіп, еріксіз күледі.

Бұл жердегі бір кемшілік - адамға ештеңе жасатпайды, бар ойың сол бір субъектте болады. Кейде адамның қалауын басқа адам түсіне бермейді, барлық нәрсені тастап, сол жандарға ұшып кеткің келеді. Осындай бір сәтте жоспарланған, маңызды жұмыстарды ойлауға шамаң жетпей қалады, ол үшін сөз де естуге болады, өз-өзіңді қайрап, қалпыңа келуге де болады.

Қорытындысын айтқанда, барлық нәрсе өз шамасында пайдалы. Алайда, біліп жүру керек: "Маxаббатсыз дүние бос". Яғни, қазіргі таңда шын махаббат бар.
0 дауыс
Әрине бар, өз басым махаббатқа сенемін. Ұрсысу, келіспеушілік әр жерде болады. Тек сабырлықпен қарап,кек реніш сақтамай жақсы болып жүрсек, қарым-қатынастарымыз жақсы болмақ. Әр  жанұяда ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды, сол үшін әр ұрсысқаннан кейін, алыстап кетпеу қажет. Өйткені барлығы екі адамның қолында. Шынайы махаббат бар. Жақсы көретін, жақсы көріп  білетін адам үшін. Аллаға шүкір. Алла бәрін жұп-жұп қылып жаратты. Сол үшін сабырлы болып, жұптарыңызды бағалап,адал болсақ, нұр үстінен нұр болар еді.
...