0 дауыс
3.0k көрілді
С1здерд1н ойларынызша шын махаббат кандай болу керек,шын адал махаббат мулдем барма о31? Махаббат жаска карайдыма?

4 жауап

0 дауыс
Махаббат деген тек жүрегі таза, көңілі адал, жақсы адамдарға ғана бұйыратын бақытты сезім. Жасқа қарамайды, 18-20 жасар қыз бен 30-35 жасар ер адамның арасында да махаббат сезімі оянып, екеуінің отбасы құруына әкелгенін талай көріп жүрміз.
0 дауыс
Бар ғой, әрине. Тек оны сезіне біоу керек. Оны дөп басып мынадай болу керек деген ережесі жоқ. Әркімнің махаббаты әр түрлі. Екі адам бірін бірі сағынып, құрметтеп, бірін бірі жиі өздесе міне осы махаббат. Бұл енді менің ойым ғой. Махаббат жасқа қарау қарамауын білмедім.
0 дауыс
Шын махаббат - екеудің махаббаты. Яғни, екеуі де бірдей шынайы сезімде болса. Жігіт қуып, қыз қашып ақыры көндіріп... немесе қыз ғашық боп, бірінші сөз салып, жігіт оны аяп... деп басталатын махаббат емес.
0 дауыс
"Махаббат - бағы ғой екеудің демекші", ол қыз бен жігіттің арасындағы сезім, екеуі ғана түсініп, ұғысатын сезім. Махаббатты сөзбен айтудың қазеті шамалы, оны тек сезіну керек. Махаббат жасқа қарайды деп ойлаймын жеке өзім)
...