0 дауыс
263 көрілді
Менің мектепті ерте бітіріп,тез жұмыс істегім келеді.Яғни басқа елдерге саяхат жасағым келеді жалғыз.Жасымды өзгертуге болама?

1 жауап

0 дауыс
Асығыстық – көптеген қателіктің басы һәм соған ұрындыратын қозғаушы күш. Адамның сабырлық атты тежегіші істен шықса, асығыстық апаты жағдайларға алып баруы мүмкін. Адам бойын ашу билесе, асығыс шешім қабылдауға, жедел іс-әрекетке көшуге әзір тұрады.
Асығыстық біраз істің бұзылуына әкеп соғады. "Ақырын жүр де, аңдап бас" демекші, дұрыс әрекет әрқашан да байсалдылықтың жемісі болмақ. Сондықтан да, Әзіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде былай деп өсиет еткен:
"Байсалдылық - Алладан, ал асығыстық - шайтаннан"

Жемістің жетілуіне уақыт керек. Піспеген жеміс жеуге келмейді. Дәл сол сияқты асығыстықпен жасалған іс те шала болып өзінің жемісін бермейді.
Мейірімі шексіз Алла өзінің кәләмы – қасиетті Құранда: «Негізінен адам баласы сабырсыз болып жаралған» дейді («Әнбия» сүресі, 37-аят). Яғни, көбіне адамның тұла бойын тағатсыздық билеп жатады. Әр нәрсеге асыққыш, істің қас-қағым сәтте аяқталғанын жаны қалайды. Соның кесірінен көптеген зиянға ұшырап жатады. Алайда Жаратушы Алла Тағала он сегіз мың ғаламды «бол!» деген әмірімен бір мезетте жаратуға құдіреті жетсе де, адамзат баласына байыптылықты, байсалдылықты үйретіп, көктер мен жерді алты күнде жаратқанын Құранда былайша білдіреді: «Шүбәсіз сендердің Раббыларың – Алла. Ол күллі аспан әлемі мен жерді алты күнде жаратты» («Ағраф» сүресі, 54-аят). Хакім Абай әр іске байыптылықпен кірісу керектігі жайында: «Егер ісім өнсін десең, ретін тап», - дейді. Адам айналаға көз тастаса мына қоршаған әлем белгілі бір реттілікпен жаралғанын, әрбір бөлшегі асқан байыптылықпен жасалғанын көреді. Байыптылықтан реттілік туады. Негізінен ғибратты алыстан іздемей, адам өзіне назар салып қараса Құдайдың реттілікті сүйетінін көре алады. Абай осыны пікірлеп, терең ойын былайша жеткізеді: «көзді, мұрынды, ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, иісін біліп, ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып тесіпті, мұның бәрі хикметпен біліп істелгеніне дәлел емес пе?» Асығыстық көптеген жамандыққа ұрындыруы мүмкін. Алайда кей нәрселерде керісінше асықпау әбестік болып саналады. Солардың ішінде тәубе мен Алладан кешірім тілеуді кешіктіруге болмайды. Себебі, оларды кешіктірген сайын адам күнәнің батпағына бата береді. Жаратушы Алла осыны білдіріп былай дейді: «Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақулар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят). Жұмаққа асығу ізгі амалды кешіктірмеумен болады. Алланың кешіріміне асығу, тәубені тездетумен болады. Демек жұмаққа жетелейтін амалдарға асығу рұқсат етілген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына бес нәрседе асығу керектігін айтады:
Аштың қарнын тойдыруға; Мәйітті жерлеуге; Қызды тұрмысқа беруге; Қарызды қайтаруға; Жасаған күнәсына өкініп тәубе етуге.
...