0 дауыс
9.8k көрілді
Мен қиналып жүрмін. Осы жерге жазайын ба, жазбайын ба деп. Көп ойландым, тұрмыс құрғалы 4 жыл болды. 1 ұл 1 қызымыз бар. Күйеуіммен ажырасқым келеді, бірақ балаларды обал. Не істеймін білмеймін. Кенестеріңіз ой пікірлеріңіз болса. Жақындарыма ешкімге айтқым келмейді. Әке шешесімен бірге тұрамыз, арамыз суыған. постоянно урыс керис ,шаршап кеттим , озимди бакыттымын Куйеуиммен бакыттымын Деп айта алмаймын, ешкандай внимание жок, кушактамайды да, суймейдиде.озим кушактап суйейн Деп конилин ауласам, кашады. Билмимин алдында 1-2 рет баска кыздармен сойлесетинин байкагам ватсаптан, бирак коз жумдым, осы жолы бирге жатпай койды вообще , екеумиз сойлесе же алмаймыз жеке отырып , ман бермей Койш Деп кетип калады, жап жас болып арамыз осындай , Ертен 10-15 жылдан Кейн не болады? Мен , Мени суймейтин, сыйламайтын адаммен бирге омир сургим  келмейди..аке шешесин кабагына карап келем , сыйлаймын, шелест жек корип турады Мени , илик издеп тисип отырады , шагыстырады, арамызга туседи ,куйеуимнин акшасыда устамаймын, керек емес, сондада жактырмай отырады Мени , неге? Не ушин? Тусинбимин, озинин баласынын да кишимин, менимен кундер боп журеди , акыл токтататын жастагы киси,
Қай мекен-жайда тұрасыңдар  шамамен?  жасың нешеде?  мамандығың кім? Қандай адамдармен тұрасың? күйеуің қандай мамандықпен қызмет істейді?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзім үйленбеген болсам да көмек көрсетуге тырысып бағайын.

1. Ең алдымен күйеуіңізбен мәселенің басын ашып алған дұрыс болады. Мүмкін бір-біріңізден шаршаған боларсыздар. Мүмкін күйеуіңіз күйзелісте болар. Мүмкін шынымен басқа жанға қарады ма. Мүмкін енеңіз араңызға түскен болар.

2. Ата-анаңызға айтыңыз. Араңыздағы мәселе кейін адам айттырмас жағдайларға әкелі мүмкін. Мүмкін әкі-шешеңіз бір шешімін айтар.

3. Өзіңізге сеніңіз. Егер жарыңызды шын сүйсеңіз оны әлі де ақ жұмсартасыз. Егер басқа жағдайлар болса онда балаларыңызды тастамаңыз.

Ендігі кезек кішкене ғана манипуляциялар:

1) Егер ғашықтықпен тұрмыс құрсаңыздар. Онда күйеуңіз балалық шағында ұнатқан нәрселерін сыйлық қылып силайсыз ба, әлде әдейі есіне салатындай етіп бір жерге қоя саласыз ба өзіңіз білесіз.

2) Ата-енеңізден көмек сұраңыз. Әрине бұл барып тұрған абсурд(еске симайтын идея), бірақ тәуекелге бел буу керек. Ата-енеңіз адам жемес, бірақ ар-намысыңызға тиетін сөздер айтуы мүмкін. Бірақ бұл ХХІ ғасыр, өзіңіздің құқығыңызды білесіз. Күйеуіңіздің әке-шешесі ес білер болса онда шаңырақтың шайқалмауын қамтамасыз етер еді.

3) Күнделікті күйеуіңіздің сүйікті тағамын даяарлауға тырысыңыз.

4) Әрқашан күйеуіңіз бен ата-енеңіздің және балаларыңыздың алдында күлімдеп жүріңіз.

5) Жылы сөйлеңіз.

Басқа қосар затым таусылған секілді, егер қосар болсам тағы да жазармын.

П.С. Есіме бір оқиға түсіп кетіпті. Дәл осылай ажырасу туралы, бірақ балалары болмаған. Бір әйел бір күні күйеуінің өзіне суып бара жатқанын байқайды, күндер өте келе оның сүйіктісі бар екенін біледі. Сонымен керек әйел жарықтық күйеуіне барлығы тіралы айтып ажырасуға келісім береді, тек шарты бір нәрсе екен. Егер соны орындаса ештеңе талап етпестен ажырасады екен. Не керек жігіт қынжылып тұрып келіседі. Сонда әйел жас шақтарындағыдай 1 ай үйге көтеріп алып кір деген екен. Жігіт ұзақ ойланып әйел жарықтық жалғыз қалғалы тұр, 1 ай көтеріп үйге кіргізсем ештеңе етпес, сүйіктіме өзім түсіндірермін деп келісім береді. Осылайша жігіт әр күні әйелді қолына көтеріп алып үйіне кіргізеді. Бірінші күні жігіт келеді, әзер дегенде көтергісі келмей амалсыздан үйге көтеріп алып кіреді. Күн артынан күн өтеді. Жігіттің әйеліне деген махаббаты ояна бастайды. Бұрынғы шақтар есіне түсіп, қалай бақытты өмірді қақ айырғанын түсінбей өзін өзін жазғырады, бірақ аталған 1 ай өте шығады. Жігіт не сүйіктісіне бара алмай, не әйеліне бара алмай ойға шомады. Ақыры әйелін таңдап үйіне келсе әйелі жоқ екен. Үстел үстінде бір хат тұр екен. Ашып оқыса әйелі қатерлі ісікпен ауырады екен және өмірімен қош айтысар шағы жақындағанын және де күйеуінің сүйіктісі осы әйелдің құрбысы екендігін және бақыт тілейтінін, соңғы сүрген 1 айдың өміріндегі ең жарқын сәт екенін жазып кеткен екен. Жітіг шырақ егіліп тұрып жылаған...
0 дауыс

Мекен жайды Жазу  кажет емес Деп ойлаймын,жасым 22 де жолдасым 24 те, мамандыгым программист , бирак,  мамандыгыммен жумыс жасамадым   .жолдасымнын мамандыгы  металлург бирак олда мамандыгыммен жумыс истемейди, 1 ай вахтада ,15 Кун уйде

Компьютерді  жақсы түсінесің ба? Программаларды жақсы меңгересің ба? Қай программада жұмыс істейсің?  Білімің жоғары ма?
Аxа компьтерді жақсы билемін, программаларды жақсы менгеремін,білімім жоғарғы
Қалалы жерде тұрасыңдар ма?   Сен өзің компьтерді жақсы меңгерген болсаң, жеке бизнес центр ашып жұмыс істеуіңе болады, қасыңа тағы да жақсы программист аласың. Оған бизнес план дайындап жеңілдетілген несие алсың да бастай бер, Кәсіпкер әйелдерді қолдау ұйымына барсаң түсіндіреді.Сол кезде күйеуің күзетші болады,  еден жуатын адам дайын екен ғой, алыстан іздемейсің.
0 дауыс

Мен ситуацияны жақсы түсініп отырмын. Олар сенің момындығыңды, жұмсақ мінезіңді тиімді пайдаланып отыр, басқа ештеңе де емес.

0 дауыс
Расында Шайтанның ең үлкен жеңісі жұбайларды ажырату. Ажыраспаңыз. Алла сабырлылармен бірге! Аллаға тәуекел етіңіз. Еш болмағанда Балалардың бақыты үшін! Балаларыңызды сүйіңіз, оларға мейіріміңізді төгіңіз, соларға үлгілі де иманды тәрбие беріңіз! Ажырасу- ақымақтық! Сырды ішіңізде сақтап өтіңіз! Ешкімге айтпағаныңыз дұрыс! Бақытты ана болуда Алла жәрдем берсін!
Арамызды Туган анасы ашып жиберди, улкен дау болды Уйде, агасы да ,анасыда арамызга барлыгы араласып араласып. Арамыз ашылып кетти , Енди балалар ушин бирге туруга шештик.рахмет сиздерге де улкен! Алла разы болсын! Ораза айында осындай дау  болады Деп ойламаппым, осы уйдеги мен ботен адам болганнан Ба, он жаксылык истесемде, бир жамандыгым биринши турады екен, соган козим жетти. Куйеуимнин алдында мен ен Жаман адам кылып койды Мени , кадиримди кетирип! Енди не сыйластык жок , не Махаббат жок арамызда, омиримнин тас талканы шыкты, Мени поддерживатететин адамда жок касымда , балаларымнын тили да жок , анамды ренжитпе дитин, не истегенимди билмимин . Анасы екеумиздин арамызда келиспеушилик болса , мен куйеимди ренжитпейн Деп жасырып калатынмын, оказывается ол барин билип журипти, анасынан! Енди не болатынын билмимин, Алла корсетер не болатынын
Шыда, Шыда, Шыдай түс, шыда тағы! Шыдамдыны мына өмір ұнатады. Үміттің құлан иек құла таңы Әйтеуір бір атады, бір атады. Өкінбе, өкпелеме Бүгініңе өмір, өмір! Болмайды түңілуге. Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, Қайта тұрып қақың бар жүгіруге. Түсінемін жаныңның ауырғанын, Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын. Иогтардың тәсілін қабылдағын, Басқасына бас ұрып табынбағын. Шыда, шыда Шыдай түс, тағы шыда, Тау құлатқан тасқынның ағысына. Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа, Қарысуға болады, алысуға...
Рахмет ! Алла разы болсын!
0 дауыс
Бұндай оқиғалар қай заманда болсын болған жағдай ғой, меніңше ене мен келін арасында өмірі осындай мәселелер болып тұрады. Одан сен ештеңе де өзгерте алмайсың. Ол қанша дегенмен ұлы болған соң анасының, жақындарының сөзіне құлақ асады. Жалпы айтқанда, отбасының тыныштығы әйел адамның қолында. Өсіп келе жатқан ұрпақтарың үшін, және сол балаларыңның болашағын ойлаған әке мен ана болсаңдар  бірге тұрғандарың абзал. Ажырасып басқа отбасын құрып кетсеңдер де, екеуіңнен асқан әке де ана да жоқ бұл өмірде. Балапандарыңның жүрегін жараламауды ойланыңдар. Еркек адам көбінесе сөзге ергіш болып келеді. Саған шыдамдылық берсін. Шыдап бақ, әлі жассыңдар. 22-24 жас деген не ол тәйірі. Енді біраз уақыт өте келе жолдасың осы қылықтарына ұялатын болады әлі.

Не істеймін, қалай істеймін десең сол балаларыңмен көп уакытыңды өткіз. Отбасылық келіндік міндетіңді атқарып жүре бер. Кім не десе ол десін оған бола ашуланып жүйкеңді жұқартпа, денсаулық керек қашанда. Енеңнің саған бірнарсе деп сөйлегенін көрсең көңіл аударма жарайды деп жүре бер. Оларды тек үндемей жеңбесең басқалай болмайды. Әлі - ақ көресің сенен артық келін болмайды деп отырады. Шыдап кет, бұл осындай бір күрбелең кезең. Өміріңнің бәрін тек балаларыңа және отбасыңа арна сол кезде бәрі де орынша болады.
Рахмет сизге де, Алла разы болсын! Шыдаймын, балаларым ушин
0 дауыс
Намаз окиныз Алла Тагалам барини реттеп кояды. Алхамдулиллах.
0 дауыс
Ажырас ондайлардын барынан жогы менде ажыраскым келеди болашакта ажырасу мандайыма жазылса екен уже шаршап Кетти бундай байдан
...