Жаңалықтар | 106 қаралды
106 қаралды
Қазақстандағы соңғы демографиялық міліметтерді яғни,2015- қазақтардың өсуі мен кемуі, жынысы, жасы, отбасылық жағдайы  сондай-ақ, еліміздегі ұлттардың саны жайлы сандық деректерді қайдан алуға болады.

1 жауап

Қазақстанда 2015 жылғы қаңтар-маусымда халық саны жалпы ел бойынша 123,6 мың адамға немесе 0,7% өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Сатистика комитеті.
КАЗАХСТАН13 Тамыз , 20:43

Аталып өткендей, 2015ж. 1 шілдеге еліміздегі халық саны 17 541,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 967,2 мың (56,8%), ауылдықтар – 7 574,0 мың адамды (43,2%) құрады.

«2015ж. қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,8 адамға немесе 0,6% артып, 127,2 (126,4) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,62 (14,75) адамды көрсетті», - делінген хабарламада.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,7% кеміп, 8 394 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 11,4% көбейіп, 12 028 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 634 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,9% және 89,5% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 33,5% көбейіп, 227 977 адамды құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,5% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (23 440 адам), Астана (663 адам) қалаларында және Ақмола (1 351 адам), Қостанай (536 адам), Маңғыстау (174 адам), Атырау (43 адам) облыстарында қалыптасты.

Сонымен қатар, мына сілтемеден көре аласыз http://astanazan.kz/kk/siz-bilesiz-be/item/3441-2015-zhylgy-ka-tardagy-kazakstan-respublikasyny-demografiyalyk-akhualy-turaly.html
118,271 сұрақ
304,996 жауап
153,298 пікір
67,286 қолданушы